Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бүгінгі қонақтары — «Менің елім – Мәңгілік ел: Каспийден Алтайға дейін» экспедициясының қатысушылары

2014 жылдың 27-ші қазанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «әл-Фараби» кітапханасында ұлттық университетіміздің студенттері «Менің елім – Мәңгілік ел: Каспийден Алтайға дейін» этнографиялық автокөлік экспедициясын қарсы алды.
Экспедиция қазақстандықтарды, соның ішінде жастарды еліміздің көріктілігі мен бірегейлігі идеясының төңірегінде біріктіру, жалпыға ортақ татулық пен келісім құндылықтары негізінде отаншылдық сезімін ояту мақсатында ұйымдастырылды. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

