Оңтүстік жұрты Ұлықбек ақынды ұлықтады
![]()
Қазақтың заңғар ақыны Жұмекен Нәжiмеденов «Туған жер» атты өлеңiнде:
«...Отанның қай жерiне де күн мен ауа тарайды,
Қай төбенiң аспаны да арайлы,
Қай төбе де, туған жер, мақтануға жарайды», — деп жырлаған едi. Сол айтқандай, байтақ даламыздың әр өңiрi қазақ үшiн туған жер саналмақ. Оған шырайлы Шымкентте өткен ақын Ұлықбек Есдәулеттiң 60 жылдық мерейтойы куә. Әуелi облыстық «Отырар» кiтапханасында өткен оқырмандармен кездесуде аға буын әдебиет өкiлдерi алпысты еңсерген Ұлықбек Оразбайұлының шығармашылығына тоқталып, арнау өлең жазса да өзгеше сарында, яғни адамның аты-жөнiн қолданбайтынына таңданысты. Кездесуде жастар көкейде жүрген сауалдарына жауап алып, қаламгердiң өлеңдерiн жатқа оқыды. Өз кезегiнде мерейтой иесi кездесудi ұйымдастырған «Отырар» кiтапханасына туындыларын сыйға тартты. Ал оқырман қауымның назарына ақынның қаламынан шыққан «Қара пима» поэмасының желiсiмен түсiрiлген режиссер Арыстан Отарбаевтың фильмiнен үзiндi ұсынылды.
Қаламгердiң шығармашылық тойы облыстық опера және балет театрында жалғасын тапты. Кiшiлер Ұл-аға, үлкендер Ұлқаш деп құрметтейтiн ҚР Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты Ұлықбек Есдәулеттiң шығармашылығы өз алдына бiр төбе. Атап айтар болсақ, «Көздерiңе ғашықпын», «Жұлдыз жарығы», «Алтайдың алтын тамыры», «Ұлыстың ұлы күнi», «Ақ керуен», «Жаратылыс», «Жүректегi жарылыстар», «Заман-ай», «Киiз кiтап», «Қара пима», «Ынтық зар», «Әбiлхаят» атты кiтаптарының авторы. Шымшаһардағы шығармашылық кештi қазақтың көркемсөз зергерi Мархабат Байғұт жүргiзiп, ақынның әр кезеңдегi шығармашылығы туралы жылы естелiктермен бөлiстi. (ЖАЛҒАСЫ МҰНДА: MTDI.KZ)
