Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Біздің шырқымызды Азарлар да, жылпылдақ «медузалар» да бұза алмайды!

©Алаш айнасы иллюстрациясы

Бірнеше күн бұрын «Медуза» деп аталатын сайтта «Өскемен халықтық республикасы. Қазақстанда орыстар «сыпайы адамдарды» күте ме?: Илья Азардың репортажы» атты мақала жарияланып, шу болған. Мақалада Қазақстанның шығысында Украинадағыдай сепаратистік «Өскемен халықтық республикасы» құрылуы мүмкін, ондағы орыс-славян ұйымдары Ресейден көмек күтіп отыр деген болжамды ой айтылған. Мақала авторы Илья Азар мұндай тұжырымды Өскемендегі орыс-славян ұйымдарының басшыларымен болған кездесуден кейін жасағанын айтады. Бірақ, бір-екі күн өтпей-ақ, орыс-славян ұйымдары «Өскемен халықтық республикасынан» бастарын ала қашты. Төменде сол мәлімдемені жариялап отырмыз.



Біздің бірлігімізді ешқандай арандатушылық бұза алмайды!


Кейінгі уақытта ғаламтор кеңістігінде Қазақстан халқына қатысты арандатушылық пиғылдағы материалдардың көрініс табуы қоғамда жағымсыз әсер қалдыруда. Әлемде болып жатқан шиеленісті оқиғаларды: сепаратистердің әрекеттері, тұрғын аумақтардағы әскери қимылдарды алға тарта отырып еліміздің сүттей ұйыған тыныштығын бұзғысы келетін сыртқы күштердің жоқ еместігіне көзіміз жетті. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

 

0
0
675

Осы тақырып бойынша

Біздің шырқымызды Азарлар да, жылпылдақ «медузалар» да бұза алмайды! - Yvision.kz