Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Өзім ноғай болсам да, қазақ үшін мақтанамын

Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясына еліміздегі барлық этностар өкілдері қатысты десек, артық айтқандық болмас. Көпшілігінің үстеріне киген ұлттық киімдері айналаға мерекелік көңіл-күй сыйлап, қызылды, жасылды бояу түстері көктемгі даланың сұлу дидарын көз алдыңызға әкелгендей. Үндестік пен сыйластық орнаған, ыстық ықыласты дос пейілде: жүректерді лүпілдеткен сессияға осындай қатысушының бірі – ноғай этномәдени бірлестігінің мүшесі Арсланбек СҰЛТАНБЕКОВТІ әңгімеге тартқан едік.

– Арсланбек, сіздің бірер рет Қарға бойлы Қазтуған, Шалкиіз жырауларды көне сарындарға салып, ноғай тілінде айтып жүргеніңізді естігенім бар. Түбі бір жұрт екеніміз, сіз жырлайтын жыраулардың біздің де қасиет тұтып, құндар асылдарымыз екені анық. Енді осы ортақ құндылықтар мен айырмашылықтарымыз турасында, жалпы, өздеріңіздің этномәдени бірлестіктеріңіз туралы айта отырсаңыз.

alt– Дұрыс айтасыз, біздің түбі бір жұрт екенімізді мен ал­ғаш 2004 жылы Қазақстанға келіп қоныстанғанымда білдім. Тілі­мізде де, тұрмысымызда да, жыр-дастандарымызда да ұқсастықтар өте көп. Ресейде 100 мыңға жуық ноғай бар, мен солардың арасынан келгенмін.

Бізде де рулар бар, ең көбі най­­мандар, қыпшақтар мен қоңы­рат­тар, ұлттық аспаптардан бізде де домбыра мен қылқобыз тартылады. Шалкиіз Тіленшіұлын, Қазтуғанды, Асан Қайғыны, Доспамбет жырауларды ноғайлар қасиет тұтады. Ноғайлар тек Кав­каз­да емес, Астраханьда, Қы­рым­да да бар. Қырымдағылар Мансұр ноғай, Наурыз ноғай деген сияқты мырзаларының атымен аталады, ал Түркияға 1860-жылдары барған ноғайлардың тұқымдарынан қазір Германия, Голландия, Австрияда жүргендер бар. Анкара маңында 7 ауылды таза ноғай мекендейді. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

 
0
0
568

Осы тақырып бойынша