Мазмұнға өту
makala123

makala123

Сайтта 2014 ж. 26 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

54

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылу

1

Мадинаның ең бірінші құжаты!

Жарма аудандық ХҚКО қызметкерлері 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында аудандық Перзентханаға барып, жас ана Жүніс Кулиманды мейрамымен құттықтап қайтты, өмірге келген кішкене сәби Мадинаға мықты денсаулық тілеп, өміріндегі ең алғашқы құжаты туу туралы куәлігін табыс етті. Алғашқы мерекеңмен Мадина, ғұмырың ұзақ болсын!

1
0
488

Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы жарнамалауға рұқсат беру»

Қазіргі таңда әр тауарды тұтынушыларға жарнамалау өміршенді құбылыс болып кеткендігі айқын. Өмірде адам денсаулығына қажетті дәрілік заттарды, медициналық жабдықтарды, құралдарды жарнамалау үлкен сұранысқа ие болып отыр. Сондықтан заңды тұлғалараға айтарымыз сіз тұтынушыға өз өніміңізді жарнамалауға рұқсат алғыңыз келсе, халыққа қызмет көрсету орталығы сіздерге «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы жарнамалауға рұқсат беру» қызметін ұсынады. Ол үшін тұтынушы орталыққа: 1)мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз тасымалдағыштағы жарнамалық ақпараттың мәтінін; 2) жарнаманы теледидар арналары мен радиоға орналастыру кезіндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бейне,-аудиожазбадағы жарнамалық ақпараттың мәтінін; 3) мемлекеттік тіркеу кезінде бекітілг…

0
0
876

«Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызметі.

Әлемдік статистикалық деректер бойынша біздің өмірімізде күнделікті шамамен 370 мың бала дүние есігін ашады екен. Бұл қызық деректің өзіндік ерекшелігі де жоқ емес. Өмірге келген сәбиге қазіргі таңда мемлекет пен біздің тарапымыздан қандай көмек қолы созылуда? Әртүрлі атқарушы органдарға жүгіру, оның табалдырығын тоздырып, қажетті анықтама алу үшін неше мәрте барудың шешімін қазіргі таңда үйде отырып немесе «бір терезеден» алу мүмкіндігі туралы ата-аналар хабардар ма? Балаға туғанда тағайындалатын жәрдемақылар туралы не білеміз? Оны тағайындау ерекшеліктері қандай деген сұрақтарға жауап беріп көрсек. Ол үшін келесі қызметті талқылап көрейік. Ол - «Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызметі. Көрсетілетін қызметті қолдану үшін қызмет алушы…

0
0
589

ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы.

«Бiлектi бiрдi жығады, бiлiмдi мыңды жығады» - деп халқымыз бекер айтпаса керек. Бiлiмдiнiң ала алмайтын қамалы, аса алмайтын асуы болмас. Нағыз көшбасшы болу үшін тек қана талантты болу аз, негізінен өз саласының, өз мекемесінің лидерін қалыптастыру үшін өткізіліп отырған іс шараның бірі «ХҚКО» РМК ШҚО бойынша филиалының Бесқарағай аудандық бөлімінің қызметкерлері арасында өткен «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы. Бұл сайыстың мақсаты – орталық қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтерді ұсыну бойынша қызығушылығын арттыру, батылдығын шыңдау, танымдық қабілеті мен білім деңгейлерін тексеру болып табылады. Сайыста топтардың күнделікті қызмет барысында қолданып жүрген мемлекеттік қызметтер бойынша сұрақтарға жауап беру арқылы кәсіби білімділігі мен жылдамдылығы сонымен қатар, өз қызметі…

0
0
865

«Туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызметке) лицензия беру».

Қазіргі таңда дүниежүзілік мәнге ие болып отырған туризм саласы тек көркем табиғатымен ғана шектелмей, тарих пен археологиялық қазбалардың, мәдениет пен өркениеттің, ел мен жердің, сәулет пен ескерткіштердің тартымдылығы мен ерекшеленіп отыр. Осы тұста еліміздің туристік шаңыраққа айналуына әбден мүмкін деген болжаумен келісуге болады. Себебі, әр аймақтың өзіне тән тарихы, археологиялық қазбалары, табиғаты, елі және салт-дәстүрі бар. Дәл осы тәрізді біздің көркем де, әсем жеріміздің түкпір-түкпірінде өзіне ғана тән гаухарларын табуға болады. Сондықтан парақшамыздың оқырмандар назарына келесі қызметімізді ұсынамыз: «Туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызметке) лицензия беру». Бұл қызметті қолдану үшін келесі құжаттар топтамасымен орталыққа келіп өтініш жазу қажет: 1) жеке басын…

0
0
474

«Туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызметке) лицензия беру».

Қазіргі таңда дүниежүзілік мәнге ие болып отырған туризм саласы тек көркем табиғатымен ғана шектелмей, тарих пен археологиялық қазбалардың, мәдениет пен өркениеттің, ел мен жердің, сәулет пен ескерткіштердің тартымдылығы мен ерекшеленіп отыр. Осы тұста еліміздің туристік шаңыраққа айналуына әбден мүмкін деген болжаумен келісуге болады. Себебі, әр аймақтың өзіне тән тарихы, археологиялық қазбалары, табиғаты, елі және салт-дәстүрі бар. Дәл осы тәрізді біздің көркем де, әсем жеріміздің түкпір-түкпірінде өзіне ғана тән гаухарларын табуға болады. Сондықтан парақшамыздың оқырмандар назарына келесі қызметімізді ұсынамыз: «Туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызметке) лицензия беру». Бұл қызметті қолдану үшін келесі құжаттар топтамасымен орталыққа келіп өтініш жазу қажет: 1) жеке басын…

1
0
811

Мобилді ХҚКО халық игілігі үшін

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жасаған 2005 жылғы 18 ақпандағы «Қазақстан жеделдетілген экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңғыру жолында» деп аталатын жолдауын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы №1 «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің халыққа қызмет көрсету орталықтарын - мемлекеттік мекемелерін құру туралы» қаулысының негізінде облыстарда, Алматы және Астана қалаларында «бір терезе» қағидаты бойынша жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсететін Халыққа қызмет көрсету орталықтары құрылған болатын. ХҚКО-н құру идеясы прогрессивті идея ретінде тұрғындар үшін де, мемлекет үшін де ыңғайлы болғандығын дәлелдеп, өзін-өзі ақтап отыр. Мемлекеттік қызметті алуға жүгінген әрбір азамат өзіне қажетті барлық анықтамалар мен қ…

0
0
916

«Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау»

Бүгінгі таңда Халыққа қызмет көрсету орталығында көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің бірі «Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау» орталықта азаматтарға қолжетімді болып отыр. Мемлекеттік қызметті алушы құжаттардың топтамасынХҚКО-ға тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 7 (жеті) жұмыс күнінде орындалады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде жүргізіледі. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Жеке тұлға азаматтары порталға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу қажет. Портал арқылы өтініш білдірген кезде толық ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады. Электрондық өті…

0
0
731

Өзіне – өзі қызмет көрсету секторы Connection Point

Еліміздің барлық аймағында «Өзіне- өзі қызмет көрсету секторы» құрылып, жұмыс атқаруда. «Өзіне- өзі қызмет көрсету секторы» құрылуының негізгі мақсаты мемлекеттік электронды қызметтерді, электронды сандық қолтаңбалары арқылы өз беттерімен алу мүмкіндігі және азаматтарды қызметкерлермен ЭҮП (электронды үкімет порталы) жұмыс қағидаттарымен жұмыс жасауға үйрету және кеңес беру болып табылады. Бұл шара кез-келген қызмет алушы күнде үйінен шықпай-ақ мемлекеттік бажды, салықтарды, жол ережесінің тәртібі бұзғаны үшін айыппұлдарды, коммуналдық қызметтерді төлеуге, кез-келген қажетті анықтамалар алуға және т.б. мүмкіндік береді. «Connection Point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторының - электронды цифрлық қолтаңбасы бар азаматтар өз беттерімен Халыққа Қызмет Көрсету орталығының арнайы жабдықталған о…

0
0
3853

Тіл мәртебесі – ел мерейі

Бұл өмірде аз күн қонақ болармыз,Мүмкін елу, мүмкін жүз жыл салармыз.Ана тілін ардақ тұтып, қастерлеп,Құрметтейік келгенінше шамамыз! Мемлекеттік тіл Тәуелсіз елдің негізгі рәміздерінің бірі. Кез келген өркениетті елдің өзінің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, шекарасы болатыны секілді мемлекеттік тілі де болады. Демек, мемлекеттік тіл де — мемлекеттігіміздің негізгі атрибуттарының бірі. Біздің Ата Заңымызда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі» деп жазылған. Ал орыс тілін — ресми тіл және мемлекеттік тілмен бірдей қолданылады деп айтылған. Біз Конституция талаптарын мүлтіксіз орындауға міндеттіміз. Тіл адамдардың қарым-қатынас құралы болғандықтан, ол сөйлеу әрекетінің арқауы болып табылады. Тіл ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше қатынас құралы. Адам тіл арқылы бір-бірімен қа…

1
0
660