Жалпы орта білім туралы құжаттың телнұсқасын ХҚКО-дан алу!

Егер Сіз негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжатыңызды жоғалтқан болсаңыз ХҚКО-ға жүгінуіңізге болады. Мемлекеттік қызмет көрсету күнтізбелік 30 күннен аспайды. Аталмыш қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. Ол үшін төмендегідей құжаттарды орталыққа табыс етуі тиіс.
1) Кәмелет жасқа толмаған баланың ата-анасының (заңды өкілінің) жеке куәлігінің (паспортының) көшірмесімен бірге туу туралы куәліктің көшірмесі (2008 жылға дейін туылған жағдайда) немесе көрсетілетін қызметті алушының жеке куәлігінің (паспортының) көшірмесі (сәйкестендіру үшін);
2) құжатты жоғалтқан азаматтың немесе кәмелет жасқа толмаған баланың ата-анасының (заңды өкілінің) білім беру ұйымының жетекшісіне оның жоғалуының жай-күйі баяндалған еркін нысандағы өтініші;
3) құжаттың нөмірі және берілген күні көрсетілген құжаттың жоғалғаны жөніндегі жарияланған мерзімінен 10 күн өтпеген мерзімді баспасөз басылымынан үзінді.
Тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттар, мемлекеттік ақпараттық жүйеде тұрған, Қазақстан Республикасы аумағында 2008 жылдан кейін шығарылған туу туралы куәліктер туралы мәліметті көрсетілген қызметті берушінің қызметкері тиісті мемлекеттік органның уәкілетті тұлғасының электронды цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электронды құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Толық ақпараттық мәліметтер мен қажетті құжаттар тізілімінwww.egov.kz электронды үкімет порталы арқылы немесе ақпарат алу үшін жергілікті ХҚКО жүгінуіңізге және 1414 біріңғай байланыс орталығына тегін қоңырау шалуыңызға болады.
