Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Наурыз мейрамы құтты болсын!

 

Наурыз - шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы, Ұлыстың ұлы күні, жыл басы мерекесі Наурыз мерекесі күні - қасиетті күн. Ата-бабаларымыз бұл күнді табиғаттың айрықша белгілерін ескере отырып белгілеген. Наурыз айын ерекше қасиеті бар ай ретінде бағалаған. Күн мен түн теңелетін күн. Бұл күнді Жыл басы деп есептеген.

Осы жыл басын тойлауды «ХҚКО» РМК ШҚО бойынша филиалының қызметкерлері де қалыс қалмай,  жұмыс күні бастала салысымен Наурыз мейрамын тойлауды бастап кетті. Әр бөлім қызметкерлері орталыққа келген келушілерін  қазақтың ырымы «Шашу» шашып қарсы алып, қазақтың қонақжайлылығын көрсетіп,  ұлттық тағамдар ұсынып, дастарханнан дәм татқызып жатыр. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамының ең негізгі тағымы Наурыз көжеде бүгін үстел үстінде. Орталық қызметінің бұл игі шарасына келушілер тарапынан да үлкен құрмет көрсетіліп, алғыс айтылуда.

Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың  бастауы, ырыc  пен берекенің арқауы деп бағалаған. Олай болса, Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық әкелсін.  Қой жылы ел тыныш, туған жер аман болып, әр отбасында шат көңіл, бақыт және береке салтанат құрсын! Ақ мол болсын! Ұлыстың ұлі күні құтты болсын!

 
0
0
889

Осы тақырып бойынша