Өндірісті өңір жұмыс орындарын ашуда көш бастап тұр
Ілкіде өндірісі өрге баспай іркіліп, жұмыссыздық қамыты қос өкпеден қысқан өңірдің бірі Қарағанды болатын. Сөйткен аймақтың бүгінде айдарынан жел есіп тұр. «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының орындалысы бойынша Қарағанды өзгелерден қара үзіп келеді. Өткен жылы бағдарлама аясында екі мыңға жуық адам жұмысқа орналасқан. Биыл да сонша адамға кәсіп тауып беру жоспарланып отыр. 165 жаңа кәсіпорын, 14 мыңдай жұмыс орнының ашылуы алдағы үш жылдың еншісінде. Қанағат 26-шы кәсіби лицейді электрик мамандығы бойынша бітірген. Алайда, қалада сұранысқа ие саналатын электр желісінің маманы, ауылдан жұмыс таппай қиналған соң, аудандық Жұмыспен қамту орталығына тіркелген. Үміті ақталды. Көкпекті ауылындағы 16 -шы лицейге жолдама алып, үш ай трактор жүргізуші мамандығын оқыды. Мемлекеттің шәкіртақысым…