Сеулде Ядролық қаруға қарсы халықаралық форум ашылды
Бүгін жер-жаһан Оңтүстік Кореяға көз тікті. Сеулде Ядролық қаруға қарсы халықаралық форум ашылды. Адамзатты суық қарудан бас тартуға үндейтін, атом қолданылатын нысандардың қорғанысын күшейтуді көздейтін алқалы басқосуға қазақ басшысы Нұрсұлтан Назарбаев та қатысып жатыр. Президент бүгін Оңтүстік Корей басшысы Ли Мён Бакпен кездесті. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті Барак Обамамен де жүздесті. Ақ үй басшысы «Қазақстанды ядролық қарудан бас тартушы мемлекеттердің лидері», - деп атап өтті. Қазақ президенті Сеулде бұдан екі жыл бұрын болды. Ал, Ли Мён Бак Астанаға өткен жылдың тамызында келді. Азия Жолбарысының Орта Азия елдерінің ішінде бізге деген ілтипаты бөлек. Қазақстан Сеулдің Азиядағы жетекші экономикалық серіктесіне айналды. Өткен жылы алыс-беріс бір миллиард АҚШ доллары…