Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Жәбірленушілердің көбі талап арыздарын қайтып алды

Ақтаудағы сот жалғасып жатыр. Үшінші күні біріңғай жәбірленушілер сөз алды. Келтірілген шығынның көптігіне қарамастан, талап арыздарынан бас тартып жатқандар баршылық. Соттың алғашқы күнінде, келушілер көп болып, тіпті, есіктің сыртында бір айыпталушы кіре алмай, қалып қойғаны есіңізде болар. Ал, дәл бүгін сот отырысына қатысқандардың саны аз болды.
Үшінші тыңдалымда ереуіл кезінде мүлкі қирап, зардап шеккендер сөйледі көбінесе. 26 жәбірленушінің 20-дан астамы талап арыздарын қайтарып алды. «Ақшадан гөрі, балалардың тағдыры маңызды»,– дейді. Олардың арасында «23 миллион теңгенің орнын толтыру қажет емес» деген адам болды. Ал, қалғандары мекеменің атынан сөйлеп тұрған соң, келтірілген шығыннан бас тарта алмады. Бір жағынан қаржы көлемі де тым ауқымды.
БТА банкінің Жаңаөзендегі бөлімшесі оқиғадан 56 миллион теңгеден астам шығынға батқан. Сол күні шағын қаладағы БТА-ның 4 банкоматында 32 миллион теңгеге жуық ақша болған. Олардың қаншасы күлге айналғанын, қаншасы қолды болғанын өкіл нақты айтпады. Негізі, жәбірленушілердің дені қарапайым тұрғындар. Кейбірінің киіз үйлері өртеніп кеткен.
Қырмызы Ізтұрғанова, жәбірленуші:
Ұл мен қыз бағып отырмыз, балаларды танымаймыз. Арызымызды біз қайтарып алдық, балаларға ешқандай талабымыз жоқ.
Кеше қораушылар Сот төрағасынан бір күн үзіліс беруді сұрап, ұсыныс жасаған еді. Сот төрағасы Аралбай Нағашыбаев «ол өтініш қаралып жатыр» деді. Ал, қорғаушылар үшін «бір күн»  сотталушылармен тілдесіп, оларға өз құқықтарын қосымша түсіндіру үшін қажет болыпты.
Венера Сәрсембина, қорғаушы:
Менің қорғауымда 4 кісі бар. Мен олардың әрқайсына бір-екі  сағат СИЗО-ға барып, көруім керек. Сондықтан, кешегі  менің талабым бойынша бір күн беру керек.
Бүгінгі сот отырысына қатысушылардың саны алдыңғы екі күнге қарағанда әлдеқайда аз. Жаңаөзеннен келгендердің біразы кері қайтқан. Сот отырысына қатысты халық өз пікірлерін ортаға салды бүгін.
Сағын Жаманбаев, Еңбек ардагері:
3 күн болды, сотқа қатынасып жатырмын. Осы үш күннің ішінде бірде-бір минут жібермей, бәрін қарап отырмын. Сыртқа шығып келетінім болмаса, үлкен кісімін ғой. Сот Нағашыбай Аралбаевтың төрағалығымен өтіп жатыр. Ешқандай қысым жоқ. Қиыншылық жоқ. Сұрақтардың бәрі орынды қойлып жатыр.
Бүгінгі соттың барысы осындай болды. Ертең төртінші тыңдалым басталады.
0
1
381

Осы тақырып бойынша