Мазмұнға өту
kaztrk_kz

Қазақстан Телеарнасы

@kaztrk_kz

Сайтта 2011 ж. 14 қарашаКазахстан, Астана

Бірінші отандық, Ұлттық телеарна - «Қазақстан» ҰТА 1958-жылғы наурыздың сегізінде ашылды. Қазіргі уақытта телеарна көрермендерді қамту жағынан алдыңғы қатарда тұр.

рейтинг

100

жазбалар

1 279

пікір

1

тіркелуші

28

жазылымдар

0

Бала – бауыр етің

«Еңкейген қарияларымыз аман болсын» деген тілекпен еңбектеген балалардың мәселесіне ойыссақ. «Көкек ана», «тасбауыр әке», тумысынан тірі жетім атанған «бейбақ сәби» мәселесі бүгінгі біздің қоғамның сыздаған бір жарасы. БАҚ осы мәселені жиі-жиі көтеріп, талқыға салған сайын, сол жара жазылмақ түгіл, асқынып барады. Бельгия секілді кейбір елдерде жетімдер үйі жоқ деседі. Ал бізде перзентханалардан гөрі, жетімдер үйі көбірек. Қазақстанда қазір 154 балалар үйі бар. Ал жетімдер саны 94 мыңнан асады. Көкейді шерге бөлеп, шымбайға шоқ тастайтыны сол - шерменде балғындардың көбі өзіміздің қаракөздер. Жесірін қаңғытпаған, жетімін жылатпаған ел едік, мұны да көрдік. Тасбауыр қоғам, тастанды сәбиді қажет етпеген соң Батыс Еуропа, АҚШ-тан қамқоршы әке-шеше табылып жатыр оларға. Жиырма жылда 8 мың бал…

0
0
2568

Қазақтың қара шалдары-ай…

Бүгінгі Отан қорғап жүрген әскерилер - кешегі ардагерлердің ұлдары мен немерелері. Яғни, жеңіскер ұлттың ұландары. Олардың сапы күн санап жастармен толығып жатса, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде от кешкен қариялардың қатары сиреп барады. Бұрынырақта 9-мамыр күні омырауларын орденге толтырып, сапқа тұрған сарбаздай ардагерлеріміз мерекелік алаңға бет алғанда айбарлы көрінуші еді сырт көзге. Бүгінде азайып қалды, көңілің құлазиды. 10 мыңға да жетер-жетпес ардагеріміз бар. Мұқағали ақынша айтсақ, «бара жатыр сарқылып дариялар, бара жатыр азайып қариялар». Жаһандық соғыс қаһармандары жаумен жағаласқандай, кәрілікпен алысып жүр осы күні. Арасында денсаулығын күтіп-баптап, сол кәрілікке дес бермей тұрған тарландар қаншама. Жүгіру төзімділік пен табандылықты талап етеді. Спорттың бұл түрі Кеңе…

0
1
643

Отандық өнім үлесі артсын

«Қарашығанақ кен орнын игеруші «Қарашығанақ Петролеум Оперейшн» компаниясы түрлі байқаулар мен тендерлер туралы алдын ала жария ақпарат бермейді, берсе де орындалмас орынсыз талаптармен төңірегіне қамал тұрғызады. Нәтижесінде қазақ кәсіпкерінің қолынан келетін жұмыстарды мұхит асып келгендер атқарып жүр». Осылай деген отандық кәсіпорындар мен әлеуетті жеткізушілердің аталмыш консорциумға өкпесі қара қазандай. Бұл мәселе бүгін «Самұрық Қазына» АҚ-ның басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен кен орнында өткен кеңесте талқыланды. Шетелдік компания өкілдерінің айтуынша жыл санап, қазақстандық мазмұн артып келеді. «Бүгінде Қарашығанақ Петролеум Оперейшнде» 3 мыңнан астам қазақстандық кәсіпорын тіркелген. Өткен жылдың 9-айында отандық ұйымдармен 146 миллион долларға жасалған келісім барлы…

0
0
469

«Жаужүрек мың бала» экранға шығады

«Қазақфильм» киностудиясы- «Сатайфильммен» бірігіп, «Жаужүрек мың бала» атты триллер түсіріп бітті. Фильм 18-ші ғасырдағы жоңғар шапқыншылығында елі үшін шайқасқан жас Сартай батырдың ерлігі турасында. Шытырман оқиғаға толы туынды қалың көрерменге ресми түрде 3 мамырда көрсетіледі. Ал, бүгін фильм авторлары туындыны журналистерге таныстырды. Фильмнің тақырыбы 18 ғасырдағы жоңғар шапқыншылығы болғанмен, сюжеті мұның алдындағы тарихи туындылардан сәл өзгеше. Кино желісіне Аңырақай шайқасына үш рудың тауқопарар батырларымен бірге қатысқан Сартай батырдың ерлігі арқау болған. «Ата-ана мен барша қазақтың кегін жоңғарлардан қайтарсам» деп армандаған Сартай бозбала шақта өзі сынды өрімдей жастардан жасақ құрап, жауға қарсы төтеп береді. Мың бала атанған Сартайдың сарбаздары 30 мыңнан асатын жоңғ…

0
0
524

Оңтүстік Қазақстанда шегіртке қаптады

Биылғы ауа-райының қолайсыздығынан Оңтүстік Қазақстан облысындағы 73 мың гектарға жуық жерді қара шегіртке басып алды. Ен даланы қаптаған жәндіктер жайылымды жайпап, қамсыз жұртты әбігерге сала бастады. Мамандардың айтуынша, шегірткенің биыл қара бұлтша қаптап кетуінің бірден бір себебі - қуаңшылық. Жерде шөп аз болғандықтан, зиянкестердің таралуы аумағы күн санап ұлғайып барады. Оның үстіне жер ерте қызған соң шегіртке тұқымы тез жетіліп, қанаттана бастаған. Күн санап көбейіп келе жатқан зиянкестер өңірдің бес бірдей ауданындағы шалғындық шөптерді көктей солдырып, баудай түсіріп барады. Өткен аптадан бастап мамандар зиянкестердің шоғырланған жері мен өсіп өнетін ошақтарына улы дәрілер себуді бастады. Шегірткені жоюға арнайы жабдықталған 39 техника, тікұшақ пен 186 маман жұмылдырылған. Бү…

0
0
402

Серік Ахметов Германияға сапар шекті

Қоршаған ортаға зиян тигізбей, өндірісті қалай дамытуға болады?! Осы мәселе бойынша, Германияның Ганновер қаласында ірі өнеркәсiптiк жәрмеңке өтіп жатыр. Оған еліміздің Премьер-министрдің бiрiншi орынбасары Серiк Ахметов қатысуда. Шараға 69 мемлекеттен 5000 астам кәсіпорын атсалысқан. Олар табиғатқа залалсыз жаңа технологияларды, энергия үнемдеудің тиімді тетіктерін, сондай-ақ автоматикалық өндіріс үлгілерін көрсетті. Германия Қазақстанның Еуропадағы әлеуетті әрiптестерiнің бірі. Екi ел арасындағы сауда-саттық пен өзара әріптестік жыл сайын артып келеді. Мәселен, былтыр Қазақстан мен Германияның аралығында тауар айналымының көлемi 5,74 миллиард еуроға жетті. Серік Ахметов, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары: Мен мына жерде Қазақстанмен бұрыннан бірге жұмыс істеп келе жатқан «Сименс…

0
0
278

Қазақ-малай қатынасы

Қазақстан сауда-саттық қарым-қатынаста батыс пен шығыстың тізгінін тең ұстауға кірісті. Енді біздің кәсіпкерлер Шығыс Азия нарығында да бақ сынамақ. Нұрсұлтан Назарбаев дипломаттармен болған жиында осы мақсатта қажырлы қайрат қылып, ел экономикасына жолашар жұмыстар жүргізу қажеттігін айтты. Себебі, сырт қарағанда бұйығы көрінгенмен, бұл елдердің экономикасы буырқанып-бусанып тұр бүгінде. Халқының саны да едәуір, сондықтан іргемізді алып нарықты пайдаланып, барымызды базарлай білуіміз керек. Шығыс Азиядағы Қазақстанның сенімді серігінің бірі - Малайзия. 1991 жылдың 16-желтоқсанда біздің ел тәуелсіздігін жарияласа, арада жиырма күн өтпей, нақты айтқанда 31-желтоқсанда Малайзия Қазақстанның дербестігін мойындады. Биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына 20 жыл толды. Жиырм…

0
0
700

Картоп жыры немесе ұстаздар мұңы

Оңтүстік Қазақстан облысында мұғалімдер еңбекақысының орнына шіріген картоп беріп жатыр. Соған қарағанда, Еуропадағы экономикалық дағдарыстың кейбір элементтері Шымкентке жеткен секілді. 90-жылдардағы алғашқы дағдарыс есіңізде шығар. Кейіннен «тоқырау жылдары» деп өзімізше ат қойып, айдар таққан сол кезде жалақыға орап, түрлі тауар беретін. Дүкен сөресінде өтпей қалған азық-түлік, киім-кешек, колхоз-совхоз қоймаларындағы қалған-құтқандар осылайша халыққа таратылатын. Қап-қап ұн, көкөністерге қарық болатын бұқара оларды жегенінше жеп, жемегенін біреуге сатып, ақша қылып, өтпегенін тышқан кеміріп, әйтеуір, «табан ақы, маңдай термен» келген есіл дүниені жабылып жатып тауысатын. Оңтүстік Қазақстанда тура сол сценарий үтір, нүктесі дейін айнымай қайталанды. Қыс бойы қоймада сақталып, жарамсыз…

1
2
883

Семейдегі сынақ тауқыметі

Сонымен Сеул саммиті де аяқталды. Жоғары деңгейдегі басқосу нәтижесінде ядролық қауіпсіздік пен ядролық лаңкестік қатерін төмендетуге бағытталған қорытынды құжат - коммюникеге қол қойылды. Болашақта мұндай жиын Астанада өтуі мүмкін. «Бұған біздің ел әрқашан дайын» деді мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сөз арасында. Сонымен қатар, Президент «Үлкен сегіздік» елдерін жаппай қырып-жоятын қа­ру­ға қарсы күш біріктіруге үндеп, өзгелерге де арқаны кеңге салып жүре бермей, антиядролық саясатта тездетіп тізе қосуға шақырды. Түрлі құжаттарды сиырқұймышақтатып, көпке созбай, ратификациялау керектігін айтты. Ядролық қарудан бас тарту - атом энергетикасын тоқтату деген сөз емес. Мысалы, қазір әлемнің 40 мемлекеті атомды бейбіт мақсатта қолдану үшін зерттеу жүргізіп жатыр. Ал, 15 шақты ел атом элек…

0
0
634

Қалың қалай, қазақ блоггері?

Ақпараттық технологиялаp дәуірінде ноқтаға басы симайтын, бақылауға көнбейтін ғаламтор деген өзінше бір әлем бар. Жаһанды жаулаған сол ғаламторды дұрыстап игерсек игілігі көп-ақ, алайда, әзірге ол қолдан келмей тұр. Ғаламтор арқылы бейәдеп көріністер көпшілікке таралып жатыр, азаматтарымыздың ар-ожданы тапталып жатыр, ғаламтор арқылы шығармашылық иелерінің авторлық құқығы бұзылып жатыр. Тіпті, әлемдегі түрлі ұлтаралық, дінаралық дүрдараздықтарды қоздыру, ереуіл мен бұлғақтарды ұйымдастыруда әлеуметтік желілердің ықпалы басым. Сондықтан, көптеген мемлекет ғаламторды бақылауға көшті. Бұл өз кезегінде ақпараттық кеңістікке тыңнан қосылған осынау саланың өркениетті дамуына кепіл болмақ. Тек бостандығын шектемесе болды. Бүгінде телевизия мен мерзімді басылымдардың өзін ығыстырмаққа жанталасып…

0
0
471