Бүлікшілер «Шолпан» сауда үйін өртеп кеткен
Жаңаөзенде тәртіпсіздік кезінде сауда үйлері мен көптеген дүкендер тонауға түсті. Бұзақылар «Сулпак», «Атланта» сияқты ірі сауда желілерін тонап, сосын өртеп жіберген. Кәсіпкерлер миллиондаған шығынға батты. Ал қаладағы «Шолпан» әмбебап дүкенінің де сау тамтығы қалған жоқ. Жаңаөзендегі сауда-орындарының қазіргі жағдайын жеткізу үшін тілшіміз Бақытжан Омаров бізбен байланыста тұр. Қаладағы ең ірі болып саналатын «Шолпан» әмбебап дүкені менің дәл артымда тұр. Қарап отырсаңыздар ғимараттың қос қабаты өртенген. Желтоқсанның 16 күні бұзақылар осы әмбебап дүкеніне баса көктеп кіріп, ішіндегі техникалардың, киім-кешектердің барлығын ұрлап алып кеткен. Дүкеннің ішіндегі тауарлардың барлығы сапалы Польшпадан әкелінген. Тәртіп бұзушылар, тіпті, жертөлесіне дейін тонаған, қоймадағы жатқан киімдерді…