Жаңаөзендегі қазіргі жағдай
Бүлік кезінде Жаңаөзенде дүкендер тоналып, базарлар мен наубайханалар жабылып қалған. Ал кешелі бері біртіндеп ашылып жатыр. Азық-түлік жеткілікті. Қалада қалпына келтіру жұмыстары жүруде. Ұялы байланыс та қайта қалпына келді. Осы күндері Жаңаөзенде біздің Ұлттық арнаның жылжымалы телекешені жұмыс істеуде. Әріптесім Думан Мұхаметкәрім қазір бізбен байланысқа шығуға әзір.
Думан Мұхаметкәрім, тілші:
Желтоқсанның 16-сы күнгі бейберекеттен кейін көптеген үйлер жылудан және электр жарығынан ажырап қалған еді. Кешеден бастап жылу және электр жарығы толыққанды барлық үйлерге беріліп жатыр. Ұялы байланыста кешеден бастап жұмыс істей бастады.
Аманжол Қабылов, Жаңаөзен қаласының коменданты:
Ішкі істер департаменті әлі күшейтілген режимде жұмыс жасап жатыр. Кешеден бастап қала тазалығына көштік. Қоғамдық көліктер жүре бастады. Азық-түлік жеткілікті, базарлар жұмыс жасап тұр. Электр тоғы бар, газ бар. Бүгінгі тәулікте үш қылмыс жасалған. Барлығы да ашылды. Тәртіп бұзумен 9 адам ұсталды. Қала бұрынғы қалпына келтіріп жатыр.
