Жаңаөзенді қайта қалпына келтіруге жастар жұмыла кірісулері керек
Жамбылдық студенттер Жаңаөзендік жастарды қаланы қалпына келтіруге күш салуға шақырды. «Бұл істен өзге аймақтардағы құрбыластарымыз да шет қалмауы керек», - деп санайды тараздық білімгерлер. Қираған ғимараттар мен астан-кестеңі шыққан көшелерді ретке келтіруде ортақ іске жұмылу керек. Елдің тұтастығы, жастардың отансүйгіштігі осындай сын сағаттарда сыналады.
Тараздық жастар өзге облыстардағы құрбы-құрдастарына мынадай үндеу жолдады. Онда «Тәуелсіздік – қымбат та қастерлі ұғым. Елбасымыздың саясатын қолдаймыз және бар білім мен күш-жігерімізді халқымыздың тыныштығына жұмсаймыз. Сондықтан, Жаңаөзенді көркейтуге бірге кірісейік!» делінген.
Әділет Мұсабай, студент:
Ойланайық, қандай іс әрекетке барып жатқанымызды ойланайық. Қандай жағдай жасап жатқанымызды ойланайық. Ол нәрселерді өртеуі бізге үлкен шығын, әлеуметтік тұрғыдан, рухани тұрғыдан болсын да, ол жерде өсіп өнетін де, сол жердің атын шығаратын да сол жердің жастары.
