Мазмұнға өту
kaztrk_kz

Қазақстан Телеарнасы

@kaztrk_kz

Сайтта 2011 ж. 14 қарашаКазахстан, Астана

Бірінші отандық, Ұлттық телеарна - «Қазақстан» ҰТА 1958-жылғы наурыздың сегізінде ашылды. Қазіргі уақытта телеарна көрермендерді қамту жағынан алдыңғы қатарда тұр.

рейтинг

100

жазбалар

1 279

пікір

1

тіркелуші

28

жазылымдар

0

Мерекелік құттықтаулар

Ел тәуелсіздігі мейрамына орай Брюссельде, Ресей Федерациясының Еуроодақ жанындағы тұрақты өкілі Владимир Чижов қазақстандықтарды мейрамымен құттықтады. Біздің арнаның журналистеріне берген сұхбатында Ресей мен Қазақстан арасындағы қатынастар туралы айта келіп, ресейлік дипломат Қазақстан мен Ресей сенімді дос деп санайтынын атап көрсетіп, бұдан былай да барлық салада өзара тығыз ынтымақтастықтың жалғаса беретінін айтты.
Сондай-ақ, Германияда тұратын қандасымыз, Ғабдолла Ерол да егемен елге өзінің ыстық ықыласын білдірді. Толығырақ...
0
0
476

Елбасының еңбегі

Күдік, күмән, толқу. Кеңес Одағынан ыдырап шыққан Қазақ жұрты үшін тәуелсіздіктің алғашқы жылдары тар жол, тайғақ кешумен пара-пар болатын. Зауыттардың дерлігі қаңырап бос тұрды, жастар жұмыссыз, халықтың көңіл-күйі пәс. Ел тұтқасын қолға алған мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елдің еңсесін тіктеуге барын салды. Сол кездегі елдің жағдайына қанық куәгер азаматтардың бірі - Ермек Келемсейіт. 1995 жылы Парламент депутаты болып сайланды. Ол кезде Қазақ елінің дәл мұндай қуатты мемлекетке айналарына шүбә келтіргендердің көп болғандығын айтады. Содан бері 20 жыл өтті. Қазақстан гүлденген, қуатты, ал халқы бақуатты мемлекетке айналды. Тәуелсіздіктің торқалы тойында олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров те қазақстандықтарға жылы лебізін білдірді. Ермек Келемсейіт, Алматы облысы, Панфилов ауд…

0
0
681

Қарағандыда Тәуелсіздік ескерткіші орнатылды

Бүгінгі тәуелсіздік мейрамына орай, кеншілер астанасы Қарағандыда биіктігі 47 метрлік тәуелсіздік ескерткіші ашылды. Ескерткіштің ұшар басындағы шарда алтынмен апталған, шапағын шашқан күн мен қыран тәуелсіздікті білдірсе, төрт бұрышындағы 4 пырақ еркіндікке ұмтылған ел нышаны. Композицияның авторы және сәулетшісі Мұрат Байысбай. Монументті құру кезінде айналасындағы алаң абаттандырылып, жаңа субұрқақ салынды. Бұл ескерткіш өткен күндердің белгісі ғана емес, Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген зор табысының, оның жарқын болашаққа, асқаралы асуларға деген ұмтылысының символы болмақ.Ескерткішті орнатуға облыс бюджетінің 250 млн. теңге бөлінген. Арман Қырықбаев, облыс әкімінің орынбасары: Естеріңізде болса осы Тәуелсіздік монументі орнатылған жерде, пролетариат «көсемі» Ленин е…

0
0
743

Елбасы атына құттықтаулар келіп түсіп жатыр

Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбавтың атына алыс-жақын шетелден көптеген құттықтау хаттары келіп түсіп жатыр. Қазақ халқын мерейлі мерекесімен құттықтап жатқан елдер арасында іргелес Ресейден бастап, сонау Араб елдеріне дейін бар. Бұл қазақ елінің халықаралық беделін көрсетсе керек.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жолданған жеделхаттар дипломатиялық арналар арқылы келіп түсуде. Алыс-жақын шетелдің Мемлекет басшылары мен халықаралық ұйым жетекшілері, дінбасылары елдің 20 жылдағы жетістігін Елбасының атымен байланыстырады. Толығырақ...
0
0
412

20 жылдыққа арналған салтанатты жиын өтті



Қазақстан мен Украина арасындағы саяси-экономикалық байланыстар жыл өткен сайын артып келеді. Украина астанасы Киевте ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Оған Украинаның белгілі қоғам қайраткерлері мен саясаткерлері, іскер топтары мен дипломатиялық миссия өкілдері қатысты.

 

Салтанатты шарада Сыртқы істер министрінің орынбасары Амангелді Жұмабаев Қазақстан мен Украина арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосқан бірқатар украин қайраткерлеріне «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалін табыстады. Мерекелік жиын соңында қазақ елінің көркем табиғаты мен мәдени мұрасынан сыр шертетін фотокөрме көпшілік назарына ұсынылды.

0
0
287

Діни бірлестіктердің басшыларына төсалқа табысталды

Қазақстан Тәуелсіз 20 жылда этносаралық һәм дінаралық төзімділіктің баламасына айналды. 300-ден астам ұлт пен ұлысты, 40 шақты конфессияны бір шаңырақ астында татулықта ұйытқан қазақ елі әлемдік өркениетке үлгі бола білді. Бүгін Астанада Дін істері жөніндегі агенттіктің төрағасы Қайрат Лама Шәріп еліміздегі діни бірлестіктердің басшыларын жинап, ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығымен құттықтады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары тіл, діл және дін үшін де оңай болмады. Алайда, Елбасы жүргізген саясат діни бостандыққа жеткізді. Тәуелсіз 20 жылда осындай қоғам құруға түрлі діни бірлестіктердің қосқан үлесі де зор. Олар сырттан келіп, іштен ірітетін кірме діни ағымдардың қоғамға төндірген қаупін сейілтуге бар күштерін салды. Осылай деген Дін істері жөніндегі агенттік төрағасы бірқатар діни бірлестікте…

0
0
474

Ассамблея мүшелері мерейтойлық медальдармен марапатталды

Тәуелсіз тарихымыздағы ең қастерлі тұс - ауызбіршілігіміз екені анық. Бірлік жоқ жерде мемлекет құрылмайды. Тірліктің баяны болмайды. 20 жылдағы жемістің жұмыстың бірі Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрылуы. Бұл ұйымды айрандай ұйытып, сан ұлтты бір қолға біріктіріп отырған Елбасы саясатының саралығы. Басшыға қосшы бола білген халықтың даралығы. Бүгін Астанада бас қосқан Ассамблея мүшелері мерекелік шара өткізіп, отандастарына жылы лебіздерін жолдады. Қазақстан Халқы Ассамблеясы! Ел бірлігін сақтауда мойнына жүктелген міндеті ауыр ұйым бұл білгенге. 350-ден астам орталығы бар іргелі ынтымақ ордасы бүгінде. Айту керек, ТМД аумағында Қазақстаннан басқа бірде-бір елде қырық рудың басын біріктірген мұндай ұйым құрылмаған. Татулықтың тірегі болған Тәуелсіздіктің ең үлкен жемісі осы. Толығырақ.…

0
0
341

20 жұлдызды күннің бүгінгі атауы – Отан

50 жылда ел жаңа деген сөз бар. Бірақ, Алаш жұрты Тәуелсіздіктің 20 жылында түрленіп, түлеп шыға келді. Тарих үшін осы бір қас қағым кезеңде Қазақстанды әлем танып, мойындады.

20 жұлдызды күннің бүінгі тақырыбы – Отан. Оттан да ыстық алтын ұяның қадірін әр қазақстандық жақсы түсінеді. Елім деп жүрген азаматтардың арқасында бүгінде қазақ елі талай асуларды бағындырды. Экономикамыз өркендеп, өрелі мемлекетке айналды. Әлемнің алпауыт державалары санасатын халге жетті. Бұның барлығы да ел тұрғындарын қуантып, үлкен жетістіктерге жетелейтін қанат береді. Толығырақ...

0
0
370

Елбасы мемлекеттік наградаларды табыс етті

Батырдың жанқиярлық ерлігін елі ұмытпайды. Бүгін осыдан бір ай бұрын Таразда қылмыскердің жолын бөгеймін деп жүріп мерт болған жол полициясының взвод командирі Ғазиз Байтасовқа «Халық Қаһарманы» атағы берілді. Марқұмның жұбайына мемлекеттік награданы Президенттің өзі тапсырды. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев бүгін ел дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік және мерейтойлық наградалармен марапаттады. Қайтпас қайсарлық сын сағатта ғана сыналатын қасиет. Халық өжет ұлдарына ғана «қаһарман» деп ат берген. Қазақтың қаһарман ұлдарының қатары бір азаматқа толықты бүгін. Ердің есімі - Ғазиз Байтасов, көзі тірісінде Тараздағы жол полициясы жеке батальонының взвод командирі болды. Қылмыскермен ұстасып жүріп, жанкешті жарылғыш затты іске қосқанда мерт болды өжет жігіт. Көптің тыныштығ…

0
0
322

Жаңа музыкалық аспап дүниеге келді

Семейлік күйші, сазгер, қолөнерші – Арғынбек Ахметжанов «Әл-Фар-А» атты жаңа музыкалық аспап ойлап тапты. Домбыра тәріздес үш шекті музыкалық құралды жасау туралы ой шеберге Әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығына қанық болғаннан кейін келген көрінеді. Қазір жаңа аспапты заңдастыру үшін қажетті құжаттар жинақталып жатыр. Автор болашақта «Әл-Фар-А» қазақ халқының ұлттық аспаптарының бірі ретінде танымал болатындығына сенімді. Домбыраға ұқсайтын мына аспаптың авторы – Арғынбек Ахметжанов. Күйші, сазгер. Ұлы Абайдың 45, ал Шәкәрімнің 2 бірдей өлеңіне ән, романс жазған адам. Әуендері бірнеше жыр жинақтарға басылып шыққан. Осыған дейін 100-ден астам домбыра жасап, елге тегін таратқан. 75-ке келген шағында, шебер «Әл-Фар-А» атты жаңа аспапты құрастырып шықты. «Мұндай ой осыдан 15 жыл бұрын Ақжан…

0
0
344