Ө.Шөкеев Жаңаөзенге барды
Бүгін Үкіметтік комиссия төрағасы Өмірзақ Шөкеев Жаңаөзенге барып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Бұдан соң, жергілікті әкімдікте жиын өткізді. Онда нақты қандай мәселелер қаузалды? Жаңаөзенде жүрген арнаулы тілшілеріміз қазір бізбен байланысқа шығып тұр. Ө.Шөкеев Жаңаөзенге бүгін түс ауа ұшып келді. Ол жөндеуден өтіп, қайтадан қалпына келген сауда үйлерін аралады. Кейін уақытша жергілікті әкімшілік отыратын ғимаратқа келіп, жиын өткізді. Ө.Шөкеев Үкіметтік комиссияның жұмысы қарқынды жүріп жатқанын айтып, Төтенше жағдай министрі Владимир Божкоға сөз берді. Ведомства басшысының айтуынша, облыстағы барлық мекеме қызметкерлері Жаңаөзендегі жағдайды қалпына келтіруге атсалысып жатыр. Осы уақытқа дейін 52 адамнан келтірілген залал жөнінде өтініш келіп түскен екен. В.Божко қалада кезект…