Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Қырымбек Көшербаев халыққа үндеу жолдады

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаев халыққа үндеу жолдады. Тұрғындарды сабырға шақырып, коменданттық сағатқа түсіністікпен қарауды сұрады. «Елбасының төтенше жағдай жариялауы талай адамдардың өмірін сақтап қалды, ал шұғыл тергеу тобы бүлікші топтың белсенділері мен тонаушыларды анықтап жатыр», - деп бастады әкім сөзін.
Комендатура мен құқық қорғаушылар Жаңаөзендегі тәртіпті қалпына келтіру үшін барлық шараларды қолға алған. Желтоқсанның 18-нен бері қарай мұнайлы қалада бірде-бір заңбұзушылық тіркелмеді. Жергілікті атқарушы билікке жүктелген бірінші кезектегі мәселе тұрғындардың арыз-шағымы бойынша жұмыс жүргізу болып отыр. Тұрғын үйлерге келген залал есептеліп, шұғыл бригада құрылды.
«Төтенше жағдай жарияланған 5 қаңтарға дейін тұрақты жағдай қалыптасса, әскерилер қаладан шығарылады», - деп түйіндеді сөзін Қырымбек Көшербаев. Тәртіпсіздік кезінде 15 адамның өмірі қиылды. Әкім бұған байланысты «Қаралы күн» жариялау мәселесі облыс әкімдігінің құзырында еместігін айтты.
Қырымбек Көшербаев, Маңғыстау облысының әкімі:
Мемлекет басшысы Н. Назарбаев зардап шеккендердің отбасына материалдық көмек көрсету жөнінде тапсырма берді. Бұл мәселені тікелей өз бақылауына алды. Сондықтан зардап шеккен отбасының бірде бірі назардан тыс қалмайды. Жаппай көмек жасалады, ал асыраушысынан айрылған отбасы, мемлекеттік, әлеуметтік көмек алады. Бір жолға материалдық жәрдем заң аясында төленеді.
0
0
353

Осы тақырып бойынша

Қырымбек Көшербаев халыққа үндеу жолдады - Yvision.kz