Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Қазақ елі дамуының моделі көпке үлгі-ресейлік сарапшы

Тәуелсіздік тойына жүрекжарды тілектерін шетелдік саясаттанушылар да білдіруде. Солардың бірі  ресейлік сарапшы Юрий Солозобов біздің арнаға берген сұхбатында: «Тәуелсіздік алған жиырма жылдағы әр жылдың қазақ мемлекетінің дамуындағы   орны бөлек.   Әр жыл саяси, экономикалық   ілгерілеуге бастайтын жаңа қадамдарға толы болды.   Мұның   бәрі ортақ мүдде жолында ұйысқан ұлттың бірлігі, ерік–жігері мен көреген көшбасшының сарабдал саясаты арқасында.   Қазақ елі дамуының моделі көпке үлгі» деп атап өтті.

Юрий Солозобов, ресейлік сарапшы:

Қазақстандықтарды және осы елдің барлық ниеттес достарын қазақ   тәуелсіздігінің    20 жылдық тойымен   құттықтаймын. Бұл жиырма жылда елді табысқа жетелеген негізгі фактор - ол қазақ басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен  еңбегі,   ұлттың  бірлігі.   Сөз жоқ Қазақстан талай белесті бағындырды.  Енді алдағы онжылдықтар да   осы жиырма жылдық секілді жемісті болатынына    сенгім келеді.  Көрші ағайынға  тек табыс тілеймін. Осы  алған бағыттарыңыздан  танбаңыздар.
 
0
0
315

Осы тақырып бойынша