Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Қ.Мәми Маңғыстау халқын сабырға шақырды

Өздері тасада тұрып, бұғанасы қатып, буыны бекімеген жастарды қылмыстық әрекетке итермелеген жеке топ жауапқа тартылып, жазасын алады. Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында Сенат төрағасы Қайрат Мәми осылай деп мәлімдеді. Өз сөзін Жаңаөзендегі жағдай кезінде азаматынан айырылған отбасыларға көңіл айтудан бастаған спикер, Маңғыстау жұртын сабырға шақырды. «Отанымыздың дамуының басты кепілі – елдің бірлігі мен қоғам тұтастығы. Осыны біз әрқашан есімізде сақтауымыз керек», - деді Сенат төрағасы.
Қайрат Мәми, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Өкінішке орай, бірнеше адам қаза тапты. Заңдылықты, қоғамдық тәртіпті бұзуға ешқашан жол берілмейді. Жаңаөзенде болған оқиғаны ұйымдастырушылар мен нақты тәртіп бұзушылар жауапқа тартылып, жазасын алады.
Жаңаөзен тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін «ҚазАгро» ұлттық холдингі 500 миллион теңге бөлді. Ал қаладағы қираған, өртенген ғимараттарды қайта қалпына келтіру үшін 1 миллиард 900 миллион теңге көлеміндегі қаражат Жаңаөзенге жеткізілді. Бүгін бұл жайында Қаржы министрлігінің вице-министрі Руслан Дәленов хабарлады.
0
0
194

Осы тақырып бойынша

Қ.Мәми Маңғыстау халқын сабырға шақырды - Yvision.kz