Мазмұнға өту
kaztrk_kz

Қазақстан Телеарнасы

@kaztrk_kz

Сайтта 2011 ж. 14 қарашаКазахстан, Астана

Бірінші отандық, Ұлттық телеарна - «Қазақстан» ҰТА 1958-жылғы наурыздың сегізінде ашылды. Қазіргі уақытта телеарна көрермендерді қамту жағынан алдыңғы қатарда тұр.

рейтинг

100

жазбалар

1 279

пікір

1

тіркелуші

28

жазылымдар

0

Еліміздегі индустриаландыру кезеңі туралы фильм

Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Facebook-тегі парақшасына «2007-2011 жылдардағы еліміздегі индустриаландыру шежіресі» атты жарты сағаттық фильм жариялады.Онда Қазақстанның әлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан мемлекеттер қатарында екені мақтанышпен айтылып, тиісінше соңғы жылдары он төрт облыста жаңадан іске қосылған өндіріс орындары, қоғамның өзге де салаларында жеткен жетістіктер тілге тиек етілген. Қаржы дағдарысынан да қаймықпаған Қазақ елінің болашағына зор сенім білдірілген. Әлеуметтің әлеуетін көтеруде жүзеге асырылып жатқан жобалар Қазақстанды танымастай етті. Бұл аталған фильмде айрықша көрсетілген.

0
0
258

Елбасы Конституциялық Кеңестің шешіміне вето қойды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің Конституциялық Кеңесінің Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласының аумағында сайлау өткізбеу туралы шешіміне вето қойды. Президент тарапынан осы жылдың 10 қаңтарында Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 6 қаңтардағы №1 қосымша қаулысына қарсылық енгізілді. Өйткені, ҚР Конституциялық Кеңесі Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласының аумағында Парламент Мәжілісінің және мәслихаттар депутаттарының сайлауын өткізбеу туралы шешім қабылдаған еді. Қарсылықты енгізе отырып, Президент Жаңаөзен қаласының тұрғындарының алаңдаушылығы мен абыржушылығын ескерді. Өйткені, Конституциялық Кеңестің жоғарыда көрсетілген шешімі еліміздің заңдары мен Конституциясында қарастырылған, олардың сайлау құқықтарын шектейді. Сөйтіп, Мемлекет басшысы қабылдаған ат…

0
0
263

ІІМ Ішкі әскерлерінің құрылғанына 20 жыл толды

Бүгін еліміздің ІІМ Ішкі әскерлерінің құрылғанына тура 20 жыл. Бұл - құрылымдық күш Елбасының Жарлығымен құрылды. Азаттықтың ақ таңы атқан сәтте алғашқы боп құрылған бұл сала сарбаздары мемлекет қауіпсіздігі мен ел тыныштығын қорғауды қамтамасыз етіп келеді. Меретойға орай бүгін Астанада салтанатты шара ұйымдастырылды. Жиынға соғыс және Ішкі әскерлердің құрметті ардагерлері мен Елорда гарнизонының әскери қызметкерлері қатысты. Мереке аясында саланың ең үздік қызметкерлері анықталды. Жүзден жүйрік атанып, табысты еңбек еткен әскерлерге төсбелгілер тапсырылды. Сондай-ақ, алғыс хаттар мен мақтау қағаздары берілді. Әбдісадық Ережепов, ҚР ІІМ Ішкі әскерлері қолбасшысының орынбасары: Біздің Ішкі әскердің алдына Елбасының қойған тапсырмаларының бәрін дұрыс, дер кезінде орындады деп ойлаймын. Көш…

0
0
404

Жаңаөзенде сабақ басталды

Жаңаөзен қаласындағы жағдай күн санап оңалып келеді. Осыған дейін қызметтерінде кідіріс болған кенттегі барлық мемлекеттік мекемелер қазір толық жұмыс кестесіне көшкен. Ал, бүгін шағын шаһарда мектептер мен балабақшалар ашылды. Білім ошақтары мен мектепке дейінгі білім беру мекемелері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

Қайрат Тілеуов, Жаңаөзен қалалық № 21-орта мектептің директоры: 5 қаңтар күні 21 мектеп ұжымы өз жұмысын бастап кетті. Еш кедергі жоқ. Сабақтар жүріп жатыр.

Марал Бекбаева, «Сәуле» балабақшасының әдіскері:
Бүгін 160 бала келді. 335 баланың 160-сы. Бүгін біздің тәрбиешілеріміз барлық ата-аналарға хабарлап шықтық. Балабақша істеп жатыр деп. Ертең түгел келетін шығар.

0
0
376

Жаңа тағайындаулар

 

Бүгін Мемлекет басшысы «Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай, жеңіл және орташа санаттағы қылмыс жасаған азаматтарды қылмыстық жауапкершіліктен босатуға бағытталған рақымшылық туралы заңға» қол қойды. Сондай-ақ, Президент жарлығымен Бахтияр Сардарбекұлы Тасымов Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. Ол Қазақстанның Египет Араб РеспубликасындағыТөтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстанның Сирия Араб Республикасындағы, Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарудан босатылды. Ал Берік Сақбайұлы Арын Қазақстан Республикасының Египет Араб РеспубликасындағыТөтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

0
0
253

Үкімет отырысында Жаңаөзендегі жағдай талқыланды

Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздік кезінде қайтыс болғандардың отбасыларына 1 миллион, ал зардап шеккендердің жанұяларына 500 мың теңгеден көмекқаржы беріледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ақтаудан байланысқа шыққан «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы, Үкіметтік комиссияның жетекшісі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл». Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Жаңаөзен қаласын қалпына келтіруге барша жұрттың ат салысу қажеттігін айтып өтті. Селекторлық кеңес кезінде Премьер-министр бұл шаруаны атқару үшін еліміздің әр аймағынан 100 млн. теңгеден қаржы бөлу керектігін жеткізді. Кәрім Мәсімов, ҚР Премьер-министрі: Мен әр аймақтың басшыларына тапсырма берем. Әрқайсыңыз 100 млн. теңгеден бөле отырып, Ақтаудағы қорды толықтыруға өз үлестеріңізді қосыңыздар. Өмі…

0
0
298

Коммунистік халық партиясының сайлау алды насихаты

Қазақстан коммунистік халық партиясы орталық комитетінің хатшысы Жамбыл Ахметбеков Қарағанды облысының Балқаш қаласындағы балық институтының қызметкерлерімен кездесті. Сайлаушыларға коммунистік партияның тұғырнамасын таныстырды. Балқаш көлінің экологиясы жайында баяндады. «Балқаш көлінің тазалығын сақтауға мемлекеттік бағдарлама жасалуы керек. Қатерлі ісік ауруының таралуына қарсы іс шаралар осы экологияны қорғаудан басталуы шарт», - дейді коммунистердің орталық комитет хатшысы. Жамбыл Ахметбеков, ҚКХП орталық комитетінің хатшысы: Қазіргі экологиялық жағдайға да байланысты, мынау Балқаш көлінің де кейінгі кездері өзгеріске ұшырауына байланысты біз осы тұрғындардың ой пікірін біліп, өзіміздің бағдарламамызды пысықтап алғымыз келді. Мынау ең басты байлықтарымыз көл, су, жер асты қойнауынан…

0
0
321

«Ауыл» партиясының көшбасшылары Ақмола облысында

«Ауыл» партиясының көшбасшылары Ақмола облысының Бурабай ауданына барды. Өңір ежелден аграрлы аймақ саналады. Сайлаушылармен кездесуде саяси ұйымның алда тұрған міндеттері жайында сөз болды. Партия өкілдері депутаттық мандатқа ие болса, алдымен ауылшаруашылығы саласын өркендетуге күш салмақ. Атап айтқанда, шағын шаруа қожалықтарына мемлекеттік қолдау, мал басын көбейтіп, ауыл халқын жұмыспен қамтамасыз ету секілді мәселелерді көтермек. Өңірде қазір «Ауыл» партиясының 10 мыңнан астам мүшесі бар. Ғани Қалиев, Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясының төрағасы: Өзіміздің жаңағы жобаларымыз бар. Ауылды қалай дамыту керек деп осы екі жылдың ішінде екі үлкен жобаны Үкіметке ұсындық, үлкен. Біреуін мен өзім Үкіметтің отырысында баяндадым. 21-ші ғасырда бір партиялық Парламент ұнамсыз. Бі…

0
0
340

«Әділет» партиясының сайлауалды насихат жұмысы

«Әділет» партиясының белсенділері Алматыда бірқатар мәселелерді тақырыпқа тұздық қылып, баспасөз мәслихатын өткізді. Оның бірі – «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет» болса, екіншісі – «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту». Заңгерлерден құралған партия мүшелері: «Осы екі жыл аралығында экономикалық саясат пен әлеуметтік мәселелерді тұрақтандыру керек»,- дейді. Сондай-ақ, олар бірқатар заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу керектігін айтады. «Мұндай өзгерістер тек бюджет қаражаттарын бақылап қоймай, олардың қайда және қалай жұмсалғандығын бақылауға мүмкіндік береді»,- дейді әділеттіктер. Эльмира Айсабаева, «Әділет» демократиялық партиясының мүшесі: «Әділет» партиясы Үкімет Ұлттық қорда еліміздің қаржы ресурстарын ешқандай салада инвестици…

0
0
206

Жаңаөзендік полиция рейд жүргізді

Бақытжан Омаров, тілші: Жаңаөзен қаласында Ұлттық арнаның екі түсіру тобы жұмыс істеп жатыр. Бұған дейін де біз бірнеше рет айтқан болатынбыз. Дәл қазір менің әріптесім Думан Мұхаметкәрім Ішкі істер басқармасының жанында тұр. Думан Мұхаметкәрім, тілші: Бүгін Жаңаөзенде қар араласып жанбыр жауып тұр. Алайда, күн жып-жылы, өткендегі шаң да, дауыл да басылған. Жалпы Жаңаөзеннің жағдайы жақсарғаның күнделікті хабарлап жатырмыз. Дүкендер, банктер және басқа мекемелер толыққанды өз жұмысына кірісті. Алайда өткендегі тауар тапшылығын пайдаланған кейбір іскер саудагерлер қаладағы арақ-шарапты және жаңа жылда ататын от шашуларды, яғни, петардалық заттарды бұнда көптеп әкеліп жатыр. Саудагерлердің онын бүгін полиция қызметкерлердің көзі шалып қалды. Тәркіленген тауардың құны 50 мыңнан 100 мың теңге…

0
0
1012