ІІМ Ішкі әскерлерінің құрылғанына 20 жыл толды
Бүгін еліміздің ІІМ Ішкі әскерлерінің құрылғанына тура 20 жыл. Бұл - құрылымдық күш Елбасының Жарлығымен құрылды. Азаттықтың ақ таңы атқан сәтте алғашқы боп құрылған бұл сала сарбаздары мемлекет қауіпсіздігі мен ел тыныштығын қорғауды қамтамасыз етіп келеді.
Меретойға орай бүгін Астанада салтанатты шара ұйымдастырылды. Жиынға соғыс және Ішкі әскерлердің құрметті ардагерлері мен Елорда гарнизонының әскери қызметкерлері қатысты. Мереке аясында саланың ең үздік қызметкерлері анықталды. Жүзден жүйрік атанып, табысты еңбек еткен әскерлерге төсбелгілер тапсырылды. Сондай-ақ, алғыс хаттар мен мақтау қағаздары берілді.
Әбдісадық Ережепов, ҚР ІІМ Ішкі әскерлері қолбасшысының орынбасары:
Біздің Ішкі әскердің алдына Елбасының қойған тапсырмаларының бәрін дұрыс, дер кезінде орындады деп ойлаймын. Көшеде жүрген, құқық, тәртіпті қорғап жүрген Ішкі әскердің сарбаздары. Солардың арқасында елімізде тыныштық болып жатыр.
