Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

«Әділет» партиясының сайлауалды насихат жұмысы

 

«Әділет» партиясының белсенділері Алматыда бірқатар мәселелерді тақырыпқа тұздық қылып, баспасөз мәслихатын өткізді. Оның бірі – «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет» болса, екіншісі – «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту». Заңгерлерден құралған партия мүшелері: «Осы екі жыл аралығында экономикалық саясат пен әлеуметтік мәселелерді тұрақтандыру керек»,- дейді. Сондай-ақ, олар бірқатар заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу керектігін айтады. «Мұндай өзгерістер тек бюджет қаражаттарын бақылап қоймай, олардың қайда және қалай жұмсалғандығын бақылауға мүмкіндік береді»,- дейді әділеттіктер.

Эльмира Айсабаева, «Әділет» демократиялық партиясының мүшесі:
«Әділет» партиясы Үкімет Ұлттық қорда еліміздің қаржы ресурстарын ешқандай салада инвестиция ретінде жұмсамай мемлекеттің ішкі және сыртқы табыстарын молайту үстінде деп есептейді. Бүгінгі күнге дейін Үкіметтің экономикалық саясатының басым бағыты жалпы ішкі өнімнің өсуіне ғана бағытталды.

 
0
0
206

Осы тақырып бойынша