Жаңа тағайындаулар
Бүгін Мемлекет басшысы «Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай, жеңіл және орташа санаттағы қылмыс жасаған азаматтарды қылмыстық жауапкершіліктен босатуға бағытталған рақымшылық туралы заңға» қол қойды. Сондай-ақ, Президент жарлығымен Бахтияр Сардарбекұлы Тасымов Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. Ол Қазақстанның Египет Араб РеспубликасындағыТөтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстанның Сирия Араб Республикасындағы, Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарудан босатылды. Ал Берік Сақбайұлы Арын Қазақстан Республикасының Египет Араб РеспубликасындағыТөтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.
