Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Елбасы Конституциялық Кеңестің шешіміне вето қойды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің Конституциялық Кеңесінің Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласының аумағында сайлау өткізбеу туралы шешіміне вето қойды. Президент тарапынан осы жылдың 10 қаңтарында Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 6 қаңтардағы №1 қосымша қаулысына қарсылық енгізілді. Өйткені, ҚР Конституциялық Кеңесі Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласының аумағында Парламент Мәжілісінің және мәслихаттар депутаттарының сайлауын өткізбеу туралы шешім қабылдаған еді.

Қарсылықты енгізе отырып, Президент Жаңаөзен қаласының тұрғындарының алаңдаушылығы мен абыржушылығын ескерді. Өйткені, Конституциялық Кеңестің жоғарыда көрсетілген шешімі еліміздің заңдары мен Конституциясында қарастырылған, олардың сайлау құқықтарын шектейді. Сөйтіп, Мемлекет басшысы қабылдаған аталған шешімнің жалғыз ғана мақсаты – Жаңаөзен тұрғындары үшін мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлау және сайланудағы өздерінің конституциялық құқықтарын іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз ету болып саналады.

0
0
263

Осы тақырып бойынша

Елбасы Конституциялық Кеңестің шешіміне вето қойды - Yvision.kz