Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Жаңаөзендік полиция рейд жүргізді

Бақытжан Омаров, тілші:

Жаңаөзен қаласында Ұлттық арнаның екі түсіру тобы жұмыс істеп жатыр. Бұған дейін де біз бірнеше рет айтқан болатынбыз. Дәл қазір менің әріптесім Думан Мұхаметкәрім Ішкі істер басқармасының жанында тұр.
Думан Мұхаметкәрім, тілші:
Бүгін Жаңаөзенде қар араласып жанбыр жауып тұр. Алайда, күн жып-жылы, өткендегі шаң да, дауыл да басылған. Жалпы Жаңаөзеннің жағдайы жақсарғаның күнделікті  хабарлап жатырмыз. Дүкендер, банктер және басқа мекемелер толыққанды өз жұмысына кірісті. Алайда өткендегі тауар тапшылығын пайдаланған кейбір іскер саудагерлер қаладағы арақ-шарапты және жаңа жылда ататын от шашуларды, яғни, петардалық заттарды бұнда көптеп әкеліп жатыр. Саудагерлердің онын бүгін полиция қызметкерлердің көзі шалып қалды. Тәркіленген тауардың құны 50 мыңнан 100 мың теңгеге дейін жетеді.
Дүйсен Буданбаев, Жаңаөзен қалалық ішкі істер бөлімі учаскелік полиция каптитаны:
Орталық базардағы дүкендерден, екі азаматтан 50 мың көлемінде пиротехникалық заттар тәркіленді. Қазіргі таңда әкімшілік жауапкершілікке тартылып жатыр.
Думан Мұхаметкәрім, тілші:
Негізі, Жаңаөзенде халықтың көңіл-күйі көтерінкі. Елдің барлығы Жаңа жылды қарсы алуға дайындалып жатыр. Өткендегідей бұзақылық жасап, полицейлердің қолына түсіп жатқандардың қатары да сиреп келеді. Қазір менің қасымда коменданттық аппараттың жетекшісі Амангелді Досаханов тұр.
Амангелді Досаханов, Жаңаөзен қаласы комендантының аппарат жетекшісі:
Кешегі тәулікте екі қылмыс тіркеліп, оның екеуі де ұрлық, екеуі де ашылған. Және де коменданттық сағат бұзған үшін 11 адам Ішкі істер басқармасына әкелініп, оларға құжаттар толтырылып, шешім қабылданып жатыр.
Жалпы Жаңаөзенді ғана жағдай жақсарды деп айтуға болмас, қалаға жақын елдімекендерде жағдай көбі жақсарған. Енді біз қалаға жақын маңындағы бір ауылға баруды жоспарлап отырмыз.
0
0
1013

Осы тақырып бойынша

Жаңаөзендік полиция рейд жүргізді - Yvision.kz