Еліміздегі индустриаландыру кезеңі туралы фильм
Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Facebook-тегі парақшасына «2007-2011 жылдардағы еліміздегі индустриаландыру шежіресі» атты жарты сағаттық фильм жариялады.Онда Қазақстанның әлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан мемлекеттер қатарында екені мақтанышпен айтылып, тиісінше соңғы жылдары он төрт облыста жаңадан іске қосылған өндіріс орындары, қоғамның өзге де салаларында жеткен жетістіктер тілге тиек етілген. Қаржы дағдарысынан да қаймықпаған Қазақ елінің болашағына зор сенім білдірілген. Әлеуметтің әлеуетін көтеруде жүзеге асырылып жатқан жобалар Қазақстанды танымастай етті. Бұл аталған фильмде айрықша көрсетілген.
