Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

ӘЧ-2014: Мексикадан жеңiлiп жатқан Нидерланды санаулы минуттарда жеңiске жеттi

Мексикадан жеңiлiп жатқан Нидерланды санаулы минуттарда жеңiске жеттi

Бразилияда футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында жолдары түйiскен Мексика мен Нидерланды өзара кiм мықты екенін анықтады.

Бұл матчта фаворит деп танылған Нидерланды сенсациялық жағдайда матч бойы мексикалықтарға 0:1 есебiмен жол берiп келе жатқан болатын.

Джованни Дос Сантос 48-ші минутта голландиялықтардың қақпасына гол салған-тын.

Нидерландықтар оқтын-оқтын шабуылға шығып отырғанымен, Мексика құрамасының қақпашысы Очоа бар қауiптiң бетiн сәттi алып отырды. Дегенмен соңғы минуттарда алдымен Уэсли Снейдер, кейiн пенальтиден Хунтелаар есептi 2:1-ге жеткiздi.

Осылайша Нидерланды 1/4 финалға өттi.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
187

ӘЧ-2014: Коста-Рика ширек финалға өттi

Футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында өткен Коста-Рика-Грекия матчы пенальти сериясында 1:1 (5:3) есебiмен орталықамерикалықтардың пайдасына шешiлдi. Ойынның 52-ші минутында Брайан Руис костарикалықтарды алға шығарған болатын. 66-шы минутта костарикалық қорғаушы Оскар Дуарте екiншi сары қағаз алып, алаңнан қуылды. Осы сәттi пайдаланып, гректер қарсыластар қақпасына шабуылдарды үдете түстi және бұл еңбектерi 90+1 минутта ақталды. Сократис Папастатопулос шабуылдардың бiрiнде есептi теңестірiп, ойынды овертаймға ойыстырды. Дегенмен жеңiмпаз ол сында да анықталмады. Пенальтилер сериясында қарсыластар алма-кезек доп тепкен. Бұнда Коста-Рика қақпашысы Навас бiр пенальтидi қайтарып, командасына жеңiс әкелдi. Ендi Коста-Рика құрамасы 5 шiлде күнi ширек финалда Нидерландымен кездесетiн болады…

0
0
155

ӘЧ-2014: Португалия ганалықтарды тiзе бүктіргенiмен, 1/8 финалға шыға алмады

Бүгiн Бразилияда футболдан әлем чемпионатында Португалия құрамасы Гананы 2:1 есебiмен тiзе бүктiрдi.

30-шы минутта Бойе португалдықтардың алғашқы голын салды. Дегенмен 57-ші минутта Асамоа Гьян есептi теңестiрдi. Матчтың 80-ші минутында Криштиано Роналду мундиальдағы алғашқы голын салып, өз құрамасын алға шығарды.

G тобында Португалия мен Гана топтан шыға алмады. 7 ұпай жинаған Германия мен 4 ұпайға ие болған АҚШ 1/8 финалға жолдама алды.

 
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
178

Бүгін «Қазақстан барысының» палуандары «Хан Шатырда» жанкүйерлерімен жүздеседі

Бүгін елордадағы «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығында «Қазақстан барысы» турнирінің ақтық сайысына қатысушылардың салмағын өлшеу рәсімі өтеді. Бұл туралы шараны ұйымдастырушылар хабарлайды. «Барлық жанкүйерлерімізді 27 маусым күні сағат 19:00-де «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығына шақырамыз. Бұл жерде «Қазақстан барысы» ақтық жекпе-жегіне қатысушылардың салмағын өлшеу рәсімі өткізіледі. Келіңіздер, палуандарымызбен жүздесіңіздер», — делінген хабарламада. Спортшылармен кездесуден соң көрермен қауым «Алдаспан» тобының өнерін тамашалай алады. Айта кетейiк, 2011 жылдан берi өткiзiлiп келе жатқан ұлттық жоба халықтың сүйiктi турнирлердiң бiрiне айналды. Былтыр доданың жеңiмпазы болып Шығыс Қазақстан облысының өкiлi Айбек Нұғымаров атанған болатын. Биыл турнирдiң бас жүлдесiне 28 палуан…

0
0
654

З.Дияс әлемнің 15-інші ракеткасын ұтты

Бүгін Уимблдон турнирі қазақстандықтар үшін сәтті болды.

Әлемдік рейтингте 72-орында тұрған жиырма жасар қазақ қызы Зарина Дияс 15-сатыдағы испандық теннисші Карла Суарес-Наварроны үш партияда (7:6, 5:7, 6:2) жеңіп, үшінші айналымға шықты. Бұл, сөз жоқ, Зарина үшін үлкен табыс. Енді ол жарақатынан кейін қайта оралған ресейлік Вера Звонарева немесе хорватиялық 1996 жылғы Донна Векичтің біреуімен кездеседі.

Осының алдында тағы бір қазақстандық Ярослава Шведова (65-орын) әлемдік рейтингте 42-орындағы эстон қызы Кайя Канепиді үш партияда тізе бүктірген болатын. Ярослава үшінші айналымда чехиялық Клара Кукалова немесе американдық Мэдисон Кистің қай жеңгенімен кортқа шығады.

Басты сөздер: ӘлемСпорт
ОРАЛ. ҚазАқпарат
0
0
243

ӘЧ-2014: Германия АҚШ құрамасын жеңiп, плей-оффқа өттi

Бүгiн Бразилияда футболдан әлем чемпионатында Германия құрамасы АҚШ-ты 1:0 есебiмен тiзе бүктiрiп, плей-офф сынына өттi.

Ойындағы жалғыз голды 55-ші минутта Мюллер салды. Осы жеңiсiнен кейiн «немiс машинасы» G тобында бiрiншi орын алып, 1/8 финалға өттi.

4 ұпайы болған АҚШ екiншi орынмен финалдық кезеңдерге жолдама алды.

Ал Португалия мен Гана жарыстан тыс қалып отыр.

 
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
207

ӘЧ-2014: Кәрiс футболшыларын ұтқан Бельгия 1/8 финалға шықты

Бүгiн Бразилияда футболдан әлем чемпионатында Бельгия құрамасы Оңтүстiк Корея футболшыларын 1:0 есебiмен тiзе бүктiрдi.

Ойындағы жалғыз голды Ян Вертонген матчтың 77-ші минутында салды.

Осы жеңiсiнен кейiн 9 ұпай жинаған Бельгия Н тобында бiрiншi орын алып, плей-оффқа шықты. 4 ұпай еншiлеген Алжир екiншi орынмен 1/8 финал жолдамасына ие болды. Ал Ресей мен Оңтүстiк Корея мундиальдағы жарысты аяқтады.

 
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
226

ӘЧ-2014: Босния және Герцеговина құрамасы Иранды келесi кезеңге өткiзген жоқ

Бүгiн Бразилияда әлем чемпионатында өткен Босния және Герцеговина-Иран кездесуi 3:1 есебiмен аяқталды. Осы жеңiлiсiнен кейiн 1 ұпайы болған Иран құрамасы плей-оффқа шығар жолдамадан қағылды. Босния және Герцеговина ойын барысында 2 жауапсыз доп салған болатын. Алдымен 23-ші минутта Эдин Джеко есеп ашса, екiншi таймда Миралем Пьянич есептi еселедi. Матчтың 82-ші минутында Реза ирандықтардың мундиальдағы алғашқы голын салып, есептi 2:1-ге жеткiздi. Дегенмен бiр минуттан соң Авдия Вршаевич босниялықтардың үшiншi добын салды. F тобында Аргентина 9 ұпаймен көш бастап, плей-оффқа шықты. 4 ұпайы болған Нигерия құрамасы да 1/8 финалға жолдама алып отыр. Ал Босния және Герцеговина (3 ұпай) мен Иран құрамалары (1 ұпай) жарысты осымен тәмамдады. Автор: Жасұлан Жолдыбаев Басты сөздер: Футболдан Әлем…

0
0
236

ӘЧ-2014: Мессидiң дублiнiң арқасында Аргентина Нигерияны тiзе бүктiрдi

 

Бүгiн Бразилияда әлем чемпионатында өткен Аргентина-Нигерия кездесуi 3:2 есебiмен аяқталды.

Бұл матчта аргентиналықтар сапынан Лионель Месси дубль авторы (3, 45+1 минуттарда) атанса, Маркес Рохо мундиальдағы алғашқы голын (50 минут) салды.

Ал нигериялықтардан Ахмед Мұса 4-ші және 47-шi минуттарда Аргентина қақпасына екi гол тоғытты.

Осы жеңiсiнен кейiн Аргентина F тобында 9 ұпаймен көш бастап, плей-оффқа шықты. Нигерия құрамасы да 4 ұпаймен 1/8 финалға жолдама алып отыр.

Ал Босния және Герцеговина мен Иран құрамалары плей-оффқа шығар мүмкiндiктен қағылды.

 
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
163

Уимблдон турнирінде З.Дияс келесі айналымға шықты

Бүгін Уимблдон турнирінде қазақстандық теннисші Зарина Дияс франциялық Кристина Младеновичті ұтты.

www.championat.com сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Зарина қарсыласын 7:6, 6:4 есебімен тізе бүктірді. Келесі айналымда қазақ қызы әлемдік рейтингте өзінен әлдеқайда жоғары тұрған испаниялық теннисші Карла Суарес-Наварромен шеберлік байқасады.

Мұның алдында Қазақстанның бірінші ракеткасы Ярослава Шведова чехиялық Кристина Плишкованы үш партияда ұтқан болатын. Оның ендігі қарсыласы — эстониялық Кайя Канепи.

Басты сөздер: Спорт
ОРАЛ. ҚазАқпарат -
0
0
155