Франция мен Швейцария плей-офф кезеңіне жолдама алды
«Бразилияда өтіп жатқан футбол додасында «Е» тобында өнер көрсеткен Франция мен Швейцария плей-офф кезеңіне жолдама алды» деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kzақпарат құралына сілтеме жасап. Француздар соңғы ойында Эквадор құрамасымен кездесті. Рио-де-Жанейродағы «Маракана» стадионында өткен ойын 0:0 есебімен тең аяқталды. Бұл ойынға француздар жартылай қосалқы құраммен шықты. Осы топтағы қатар ойын Швейцария мен Гондурас құрамалары арасында болды. Мюнхендік «Баварияда» доп тебетін швейцариялық жартылай қорғаушы Джердана Шакири хет-трик (6-шы, 31-ші және 71-ші минуттарда) жасап, өз құрамасын плей-офф кезеңіне алып шықты. Сонымен плей-офф кезеңінің алғашқы ойынын Франция Нигериямен, ал Швейцария Аргентинамен өткізеді. Естеріңізге сала кетсек, 12 маусымда басталған футболдан әлем чемпионаты…

