Алматылық «Қайрат» Еуропа Лигасында жеңiстi уысынан жіберіп алды
Алматының Орталық стадионында өткен матч 1:1 есебiмен тең аяқталды. Бiрiншi таймда қарсыластар жиi-жиi шабуылдар жасап отырғанымен ойындағы есеп өзгерiссiз қалды.
Екiншi тайм қонақтар үшiн сәтсiз басталды. Исламханның соққысынан кейiн айып алаңында доп даниялық футболшының қолына тиiп, бас қазы «Эсбьерг» қақпасына пенальти тағайындады. Йосип Кнежевич ойынның 50-минутында пенальтидi мiнсiз орындап, командасын алға шығарған. Алайда, матчтың 90-минутында алматылықтар қарымта допты өткiзiп алды. Гол авторы — Мохаммед Фелла.







