Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Шведова Швецияда жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Швецияның Бостад қаласында өтіп жатқан «Collector Swedish Open-2014» турнирінің алғашқы айналымында сүрінді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық спортшы біліктілік бәсекесінен өткен германиялық Лаура Зигмундпен кездесті. 1 сағат 38 минутқа созылған матч 7:5, 6:3 есебімен Германия өкілінің пайдасына шешілді.

   

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
197

«Астана» мен «Хапоэль» матчына билет құны 200 теңге болады

Ертең елордалық «Астана» Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде  израильдік «Хапоэльмен» кездеседі.

- Билеттер матч өтетін күні сатылады, оның құны 200 теңгені құрайды, — деп Sports.kz өз конференциясында құраманың баспасөз-атташесі Дмитрий Нестеренко жазды.

Ойынның басталуы 19:00-ге жоспарланған. Матч «KAZsport» арнасының тікелей эфирінде көрсетіледі.

   

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
209

Н. Назарбаев А. Меркельді Германияның футболдан әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Германия федеральды канцлері Ангела Меркельге ел құрама командасының футболдан әлем чемпионатындағы жеңісіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы аса жоғары деңгейдегі шеберлік, керемет командалық ойын және жеңіске деген жігер Германия құрамасына лайықты қарсыластарынан басым түсіп, биік тұғырға көтерілуге мүмкіндік бергенін атап өткен. «Германия Федеративтік Республикасы құрама командасының футболдан биылғы әлем чемпионатындағы тамаша жеңісіне және төртінші рет чемпион атануына байланысты шынайы құттықтауымды қабыл алыңыз. Дүние жүзі қауымының назарын аударған Германия командасының бұл жеңісі футбол тарихында айрықша із қалдырды», — делінген жеделхатта. Нұрсұлтан Назарбаев Ангела Мерк…

0
0
316

50 жасқа дейін әлемнің абсолютті чемпионы болғым келеді — Бернард Хопкинс

Бернард Хопкинс
Жартылай ауыр салмақта IBF и WBA нұсқалары бойынша әлем чемпионы, 49 жастағы америкалық боксшы Бернард Хопкинс келесі екі нұсқаның чемпиондарымен кездесуге дайын екендігін жеткізді.

Олар — WBC чемпионы Адонис Стивенсон мен WBO чемпионы ресейлік Сергей Ковалев.

«Мен келісімшартқа бірінші болып қол қойғанымен шығамын. Мен осы екі жігіттің бірімен жекпе-жекке шыққым келеді. Арманым биылғы жылдың соңына дейін әлемнің абсолютті чемпионы болу», — деді Хопкинс RingTV порталына берген сұхбатында.

Айта кетелік, Бернард Хопкинс 2015 жылдың 15 қаңтарында 50 жасқа толады.

Ол биыл 20 сәуірде WBA чемпионы 30 жастағы қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовты жеңіп, IBF нұсқасына осы WBA нұсқасын да қосып алған болатын.

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Автор: Жаппарберген Айбота
0
0
317

Альберто Контадор «Тур де Франстан» шығып қалды

Альберто Контадор

Ресейдің «Tinkoff-Saxo» велокомандасының капитаны Альберто Контадор «Тур де Франс» көпкүндігінің 10-шы кезеңінде жарыстан шығып қалды.

Контадор мәреге 95 шақырым қалған кезде құлап, оған медициналық көмек көрсетілді. Спортшы жәрдемді күтіп, уақытын жоғалтып алғандықтан ойыннан шығуға мәжбүр болды, деп хабарлады «Р-Спорт».

Тізесін таңып бергеннен кейін велошабандоз қатарға қайта қосылғанымен көп ұзамай жарыстан бас тартты.

Ол көш бастап бара жатқан алдыңғы топтан 4 минутқа қалып қойған болатын.

   

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
210

Винченцо Нибали «Тур де Франстің» 10-шы кезең жеңімпазы атанды

Винченцо Нибали

«Астана» командасының мүшесі итальяндық Винченцо Нибали «Тур де Франс» көпкүндігінің 10-кезеңінде жеңіске жетті деп хабарлайды Sports.kz.

Француз «FDJ» командасының мүшесі Тибо Пино — екінші, испандық «Movistar» командасының шабандозы Алехандро Вальверде үшінші болып мәре сызығын қиды.

Нибалидің бұл жеңісі жалпы есепте оған көшбасшылықты қайтарып берді.

   

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
183

Ресейдегі ӘЧ-2018 он стадионда өтуі мүмкін

2018 жылы Ресейде футболдан әлем чемпионаты матчтарын қабылдайтын стадиондар саны 12-ден 10-ға дейін қысқартылуы мүмкін. Бұл туралы Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясының президенті (ФИФА) Йозеф Блаттер мәлім етті, деп жазады ВВС. Қазіргі уақытта 11 қалада 12 стадион тізімде тұр, яғни Мәскеу, Калининград, Санкт-Петербор, Волгоград, Қазан, Нижний Новгород, сондай-ақ Самара, Саран, Дондағы Ростов, Сочи және Екатеринбор қалалары қамтылды. Тек Мәскеуде біріншілік ойындарын бірден екі стадион қабылдайды. Атап айтқанда, матчтар «Лужники» стадионында және «Спартак» футбол клубының жаңа аренасында ұйымдастырылады. Блаттердің сөзіне қарағанда, стадиондардың нақты саны «Ресей-2018» ұйымдастыру комитетімен талқыланғаннан кейін, қыркүйекте анықталады. Биылғы Бразилиядағы футболдан әлем чем…

0
0
426

ӘЧ-2014-ФИНАЛ: Германия әлем чемпионы атанды

Германия әлем чемпионы атанды

Бүгiн Бразилияда футболдан әлем чемпионатының финалында Германия Аргентина құрамасын 1:0 есебiмен тiзе бүктiрiп, бiрiншiлiктiң бас бәйгесiн қанжығаға iлдi.

Матчтың негiзгi уақытында қарсыластар белсендi ойын көрсеткенiмен, есеп аша алмай, кездесудi экстратаймға ойыстыруға мәжбүр болды. Қосымша кезеңнiң екiншi экстратаймында (113-ші минут) ұтымды пасты қабылдай бiлген Марио Гетце аргентиналықтардың қақпасына жеңiстi гол енгiзiп кеттi.

Осылайша, Германия 2014 жылғы әлем чемпионатының жеңiмпазы атанып, өз тарихында төртiншi рет Кубоктi қанжығаға байлады. Аргентина — күмiс жүлдегер.

   

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Жасұлан Жолдыбаев

0
0
263

Бокстан Қазақстан құрама командасы Президент Кубогын жеңіп алды

Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында бокстан ересектер арасында өткен «Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы» IV Халықаралық турнирінің финалдық кездесулерінде Қазақстан құрама командасы 7 алтын, 4 күміс және 6 қола медальге қол жеткізіп, командалық есепте турнир жеңімпазы атанды. Финалдық кездесулердің шымылдығын 49 келі салмақ дәрежесіндегі боксшылар ашты. Біржан Жақыпов пен өзбекстандық Хасанбай Дусматов арасындағы жекпе-жек аса тартысты өтті. Алғашқы екі раунда жақсы өнер көрсеткен Біржан Жақыповтың үшінші раундта шаршаңқырап қалғаны байқалды. Бірақ соған қарамастан 2013 жылғы әлем чемпионы жігерін жанып, кездесуді өз пайдасына шешті. Есеп 2:1. Біржан бүгінгі жеңісімен турнирдің үш дүркін чемпионы атанды. 52 келі салмақ дәрежесінде филиппиндік Рэй Салудар өзбекстандық…

0
0
353

Лионель Месси — әлем чемпионатының үздiк футболшысы

Лионель Месси - әлем чемпионатының үздiк футболшысы
Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси 2014 жылғы футболдан әлем чемпионатының үздiк футболшысы атағына ие болды.

Айта кетейiк, Аргентина капитаны төрт мәрте әлемнiң ең үздiк футболшысы атанған болатын, дегенмен әлем бiрiншiлiгiнiң үздiк ойыншысы мәртебесiне тұңғыш рет қол жеткiзiп отыр.

Бразилияда өткен чемпионатта Лионель Месси 4 гол соққан болатын.

 
АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Жасұлан Жолдыбаев
0
0
386