Қазақстан УЕФА елдерінің клубтық рейтингінде 32-орынға көтерілді
Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының алғашқы іріктеу ойындарының қорытындысы бойынша УЕФА елдерінің клубтық рейтингінде қазақстандық құрамалар 2.125 ұпай жинады.
Бұл көрсеткіш Грузия мен Молдовадан озуға мүмкіндік берді. Осылайша Қазақстан Венгрия, Әзербайжан және Словакиядан кейін 32-орынға жайғасты.
Еске сала кетейік, кеше Еуропа Лигасында «Астана» израильдік «Хапоэль» Тель-Авивті жеңді, алматылық «Қайрат» пен даниялық «Эсбьерг», қарағандылық «Шахтер» мен литвалық «Атлантас» тең түсті.

