Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

ӘЧ-2014 үздік шабуылшысы Хамес Родригес «Реал» ФК сапында ойын көрсетпек

Хамес Родригес

«Реал» ФК ӘЧ-2014 үздік шабуылшысы Хамес Родригеспен келісімшартқа қол қойғанын хабарлады.

«Монаконың» және футболдан Колумбия құрамасының шабуылдаушысы Хамес Родригес мадридтік «Реалмен» келісімге қол қойды. Бұл туралы испандық клубтың баспасөз қызметінен хабарлады.

Ресми емес деректерге сүйенсек, жуырда Бразилияда өткен әлем чемпионатында алты голымен үздік шабуылшы атанған 23 жасар Хамеске Мадрид клубы €80 млн. жуық қаражат төлеген. Жаңа командада Родригес 10-шы нөмірмен шығады деп күтілуде.

БАҚ деректеріне сүйенсек, Родригестің жалақысы €7 млн. құрайды.

   

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
244

«Барыс» клубынан шын мықтыларға есе жiбермейтiн талай жастар шығады — Назаров

«Барыс» хоккей клубының бас бапкерi Андрей Назаров ресейлiк «Спорт Экспресс» интернет сайтына берген сұхбатында «Барыс» клубында шын мықтылардың өкшесiн басып келе жатқан қазіргі таңда әлі ешкiмге белгiсiз хас дарынды жастар шығатындығын мәлiмдедi. «ҚХЛ маусымында командадағы 25 ойыншының барлығы жоғары өнер көрсетедi деп үмiттенемiн. Негiзгi назар Игорь Калянин, Владимир Воробьев, Андрей Шаянов сынды жас хоккейшiлерге аударылады. «Барыстың» басқа бапкерлерi жас спортшыларға көңiл аударатын болады. Командада өте үлкен бәсекелестiк, барлығында келiсiмшарт бар. Бiрақ негiзгi құрамның өкшесiн басып келе жатқан жастар жетерлiк. Мысалы, спорттық тұрғыда қатал қорғаушы — Мадияр Ибрайбеков. Ол маған Дарюс Каспарайтистi еске салады, дегенмен ол дене iрiлiгi бойынша «Ганстан» асып түседi», — дейдi…

0
0
213

Астанада кикбоксингтен Қазақстан мен Қытай командаларының жолдастық кездесуі өтеді

ҚР Дене шынықтыру және спорт істері агенттігі үстіміздегі жылдың 26 шілдесінде Астанада кикбоксингтен Қазақстан мен Қытай командаларының жолдастық кездесуін өткізгелі отыр, деп хабарлады агенттік баспасөз қызметінен. Мақсат — екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық, спорттық қарым-қатынасты нығайтуға үлес қосу. Жастар арасында саламатты өмір салтын ұстануды, спортпен шұғылдануды насихаттау. 7 жекпе-жектен тұратын сайыста екі елдің ең үздік кикбоксшылары бақ сынайды. Дүбірлі додада Әлем кубогының жеңімпазы Ерсайын Қасамбаев, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Бабыр Артықбаев, әлем чемпионатының қола жүлдегері Шыңғысхан Тілемісов, Әлем кубогының қола жүлдегерлері Қанағат Нұрғалиев пен Артур Сауырбаев, Қазақстан чемпиондары Мерген Біләлов пен Асхат Жантұрсынов ел намысын қорғайды. Жарыс Астана…

0
0
231

Қытайда өткен жарыста қазақстандық көкпаршылар бас жүлдені жеңіп алды

Қытайда Іле-Қазақ автономиялы облысының құрылғанына 60 жыл толуына орай 12-17 шілде күндері ұйымдастырылған көкпар тойы тәмамдалды. Естеріңізге сала кетейік, жарыс Моңғолкүре ауданының Қарағанты жайлауында өткен болатын. Достық кездесуге Қазақстан, Моңғолия, Өзбекстан және жергілікті қазақтардың көкпар ойыншылары қатысты. Финалда елімізден шыққан құрама команда ҚХР командасымен сайысып, жеңіс тұғырынан көрінді. Бас жүлдені жеңіп алған командаға ақшалай 50 мың юань табысталды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы. «Үш күнге жалғасқан көкпарды тамашалауға 10 мыңнан астам көрермен жиналып, ыстық ықылас танытты. Халықтың мұндай қызығушылығы, бізді сөзсіз қуантты», — деп өз әсерлерімен бөлісті ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Ұлттық спорт түрлерінен мемлекеттік ж…

0
0
526

Бразилия құрамасының бапкерлігіне Дунга қайта оралды

Футболдан Бразилия құрамасының жаңа бас бапкері болып команданың бұрынғы капитаны Дунга тағайындалды. Ол Әлем чемпионатында Бразилияның сәтсіз ойынынан кейін өткен аптада отставкаға кеткен Луис Фелипе Сколариді ауыстырады, деп жазады ВВС. Дунга Бразилия құрамасын 2006-2010 жылдар аралығында басқарған болатын, сондай-ақ 2013 жылы «Интернасьонал» клубының бапкері болды. Футболшы ретінде Дунга 1990,1994 және 1998 жылдардағы әлем чемпионаттарында ойнады. Еске сала кетейік, Сколари Бразилия құрамасының бас жаттықтырушысы қызметіне бір жарым жыл бұрын тағайындалған. Оның жетекшілігімен құрама 2013 жылы конфедерация кубогына ие болған. Ал 2014 жылғы ӘЧ-ның жартылай финалында Германиядан жеңіліп (1:7), қола үшін күресте Голландияға есе жіберді (0:3). Атап өтейік, Сколари басшылығымен Бразилия құр…

0
0
202

Мирослав Клозе 2015 жылы карьерасын аяқтайды

Мирослав Клозе

Италиялық «Лацио» футбол клубының шабуылшысы Мирослав Клозе келер жылы өз карьерасын аяқтайтыны туралы жариялады. Бұл туралы неміс БАҚ-ы жарыса жазуда.

Мирослав Клозе биыл Бразилияда өткен футболдан әлем біріншілігінде мундиальдағы 16-голын салып, ӘЧ тарихында ең үздік сұрмерген атанды.

Бұрын «Баварию» мен «Вердереде» ойнаған неміс футболшысы 137 матчта ұлттық құрама үшін жалпы саны 71 гол салыпты.

Германия құрамасы биылғы 13 шілдеде 1930 жылдан бері 20-рет өткізілген футболдан ӘЧ-да финалдағы қарсыластары — Аргентина құрамасынан басып түсіп, 4-рет әлем чемпионы атанды — 1:0.

     

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
219

Таразда халықаралық турнир өтеді

Таразда халықаралық турнир өтеді

26-27 шілде күндері Тараз қаласында Дінмұхамед Қонаевты еске алуға арналған еркін күрестен халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды kazsporttv.kz.

Үшінші мәрте халықаралық деңгейде өткізілгелі тұрған бәсеке 2013 жылдан бастап FILA күнтізбесіне енгізілген.

Жамбыл облыстық күрес федерациясының ұйымдастыруымен аталмыш турнир «Тараз-Арена» спорт кешенінде өткізіледі. «Былтыр Қонаев турниріне оннан аса ел қатысқан болса, биыл олардың саны артуы мүмкін», — дейді ұйымдастырушылар.

Қазақстан құрамасы 8 салмақ дәрежесі бойынша 1-5 нөмірлі балуандардардан құралған үлкен құраммен өнер көрсетпек.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
163

«Қайсар» жанкүйерлеріне арнап ашық жаттығу өткізді

Қазақстан Премьер-лигасының кезекті туры қарсаңында бүгін «Қайсар» футбол клубы жанкүйерлеріне арнап ашық жаттығу өткізіп, командаға жаңа қосылған ойыншыларға клуб жейдесін табыстады, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі. Командалық фотосессиямен басталып, жанкүйерлердің селфиімен аяқталған ашық жаттығуда футболшылар алдымен командалық суретке түсіп, артынша клуб директоры Руслан Балтиев пен бас бапкер Дмитрий Огай командаға жазғы трансферлік кезеңде қосылған үш ойыншы — Валентин Фурдуй, Владислав Нехтий және Сергей Остапенконы таныстырды. Валентин — қорғанысқа тірек болар шептің ойыншысы. «Қайсарға» дейін Молдованың «Шериф» командасында ойнаған. Кейінгі кездері Молдова ұлттық құрамасына шақыртылып жүр. Енді қызылордалық клубта 27-нөмірде өнер көрсететін болады. Шабуылдың барлық шебінд…

0
0
315

Усэйн Болт Копакабана жағажайында 100 метрлікке жүгіреді

Атақты желаяқ, алты дүркін олимпиада чемпионы Усэйн Болт Рио-де-Жанейродағы Копакабана жағажайында өтетін турнирде 100 метрлік қашықтықта жүгіреді. Бұл туралы спортшы өзінің ресми сайтында хабарлады. Оның айтуынша, жеңіл атлетші 2014 жылғы өзі қатысатын жарыстар тізімін құрастырып қойған. 17 тамызда Копакабана жағажайында өтетін «Мано а Мано» турнирі соңғысы болмақ. Өткен жылдың наурызында, ол мұнда мүмкіндігін сынап көрген. Арнайы салынған жарыс жолында 150 метр жүгірген желаяқ жеңіске жетіпті. Тамыз айында Болт тағы үш жарыста бағын сынайды: 1-2 тамызда Глазго Достастығының ойындарында (4х100 м эстафета), 23 тамызда Варшавадағы турнир және 26 тамызда өтетін Цюрихтегі жарыс (екеуі де — 100 м). Болт алынған жарақаты салдарынан талай жарысты өткізіп алды, наурыз айынан бері толыққанды жатт…

0
0
238

Ойын тізгінін өз қолымызда ұстап, жеңіске жетуге тырысамыз — В. Вайсс, «Қайрат» командасының жаттықтырушысы

Кеше Алматыдағы Орталық стадионның конференц-залында «Қайрат» — «Эсбьерг» командалары арасында Еуропа лигасының екінші квалификациялық раунды аясындағы кездесуіне арналған баспасөз мәслихаты өтті. Ең алдымен журналистер алдына даниялық команданың жаттықтырушысы Нильс Фредериксен мен команда капитаны Ханс Хенрик Андреасен шықты. «Жолға ұзақ уақыт кетті. Бірақ абырой болғанда ешқандай қиындық туындаған жоқ. Алматыға таңертең жеттік. Жақсылап демалдық. Қазір жаттығып жатырмыз. Жігіттер ойынға сақадай дайын. Ертеңгі ойынды асыға күтеміз. Жалпы, командада аздаған өзгеріс орын алды. Өткен жылғы құрамның екі ойыншысын саттық. Енді, қалай болғанда да әрбір ойынның өз қиындығы болады ғой. Бірақ біз соған қарамастан жеңіске жетуге тырысамыз» — деді өз сөзінде Нильс Фредериксен. Өз кезегінде команда…

0
0
314