БОКС: APB жобасы бойынша сайыстар өтетін елдер белгілі болды
Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының (АИБА) APB (АИБА кәсіпқой бокс) жобасы бойынша қазақстандық боксшылардың сайыстары өтетін елдер белгілі болды. Бұл туралы бүгін Қазақстанның бокс федерациясынан хабарлады. 49 келі салмақ дәрежесіндегі жекпе-жектер Қытайда өтеді. 2013 жылғы Әлем чемпионы Біржан Жақыпов алғашқы сайыста жергілікті боксшы Лу Бинмен кездеседі. Сондай-ақ осы салмақ категориясында 2014 жылғы Азиада чемпионы Джонгун Шин (Оңтүстік Корея), 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Давид Айрапетян (Ресей), Марк Баррига (Филиппины), Патрик Лоуренсо (Бразилия) және Леандра Бланк (Аргентина) өнер көрсетеді. 52 келі салмақ дәрежесіндегі сайыстар Ресейдің Новосібір қаласында өтетін болды. Мұнда 2014-ші жылғы Азиада чемпионы Ілияс Сүлейменов алғашқы жекпе-жекте 2013 жылғы Әле…

