Футбол: бірінші лигада «Оқжетпес» озып келе ме?
Футболдан Қазақстан чемпионатының бірінші лигасында бұрынғыша Көкшетаудың «Оқжетпесі» көш бастап келеді. Сенбі күні өткен кезекті турда «Оқжетпес» ЦСКА-ны 5:2 есебімен ойсырата ұтып, ұпай санын 55-ке жеткізді. Көкшеліктердің премьер-лига жолдамасы үшін негізгі қарсыластары да жеңіске жетті. Екінші орындағы Шымкенттің «Қыраны» Екібастұзды 3:1, үшінші сатыдағы Ақтаудың «Каспийі» Қаратауда жергілікті «Лашынды» 1:0 есебімен жеңді, бұларда 54 және 51 ұпайдан бар. Біріншіліктен шығып қалған Қарағандының «Гефест» командасымен ойнауы тиіс «Ақжайықтың» еншісіне де үш ұпай қосылды. Батысқазақстандықтардың «Каспиймен» ұпайы тең. Бесінші орындағы «Астана-1964» командасы да үмітін үзе қойған жоқ. Мергендер көшін «Жетісу-Сұңқардан» Константин Задорожный мен «Қыраннан» Санат Жұмаханов 19 доппен көш баст…


