Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ЕУРО-2016 іріктеу сынында Қазақстан Чехияға жол берді

ЕУРО-2016 іріктеу сынында Қазақстан Чехияға жол берді

2016 жылы өтетін Еуропа чемпионатына іріктеу сынында Қазақстан мен Чехияның жолы түйісіп, қос елдің құрамасы елорда төрінде бақ сынасты.

Кездесудің алғашқы кезеңінде жерлестеріміз жауапсыз 2 гол жіберіп алды. Ойынның 14-минутында айып алаңының сыртынан допты шірене тепкен чехиялық Боржек Дочкал есеп ашты. Тайм соңына дейін бұл есепті Давид Лафат еселеді — 2:0.

Екінші кезеңде Юрий Красножанның шәкірттері шабуылды үдете түсті, бірақ нәтиже болмады. Олардың қателігін пайдаланған қарсылас команданың ойыншысы 57 минутта жауапсыз 3-голды салды. Бұл жолы Крейчи Сидельниковтың қақпасынан саңылау тапты.

Қазақстандықтардың еншісіне тек 83 минутта бір гол жазылып, есепті қысқартты. Бірақ қонақтар араға 5 минут салып, ойынның 88-минутында 3 гол артықшылықтарын қайта қалпына келтірді. Ойын соңында ұлттық құрамамыз чехиялықтардың қақпасына тағы бір гол дарытып, есепті 2:4-ке жеткізді, бірақ бұл жеңісті алып беру үшін жеткіліксіз көрсеткіш еді.

Енді Қазақстан құрамасы 16 қазанда Түркия құрамасына қарсы ойын өткізеді.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

 
0
0
207

Осы тақырып бойынша

ЕУРО-2016 іріктеу сынында Қазақстан Чехияға жол берді - Yvision.kz