Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БҚО әкімі Азиада чемпиондарына 1 млн. теңгеден сыйақы табыс етті

БҚО әкімі Азиада чемпиондарына 1 млн. теңгеден сыйақы табыс етті

Бүгін облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен жазғы Азия ойындарының жүлдегерлері мен олардың бапкерлерін қабылдап, құрмет көрсетті.

Өңір басшысы батысқазақстандық спортшыларды үлкен жеңістерімен құттықтап, олармен емен-жарқын әңгімелесті.

Еске сала кетейік, Азиадаға БҚО-дан барлығы он спортшы қатысты. Соның ішінде ескек есуден Алексей Дергунов шымкенттік Евгений Алексеевпен бірге, ал Андрей Ергучев төрт кісілік байдаркада алтын медальға қол жеткізсе (оған қоса А.Дергунов жұптасы Е.Алексеевпен бірге күміс жүлдегер атанды), дзюдодан Азамат Мұқанов командалық бәсекеде күміс, жекелей сында қола жүлдені иеленді.

А.Дергунов пен А.Ергучевке 1 млн. теңгеден, А.Мұқановқа 500 мың теңгеден берілді. Ал ескек есушілердің бапкері Александр Акунишниковке 150 мың теңге, А.Мұқановтың жаттықтырушысы Сайын Ерғалиевке 100 мың теңге сыйақы табыс етілді.

Сонымен қатар дүбірлі додаға қатысып қайтқан басқа спортшылар да 100 мың теңгеден иеленді.

 

ОРАЛ. ҚазАқпарат

 
0
0
251

Осы тақырып бойынша

БҚО әкімі Азиада чемпиондарына 1 млн. теңгеден сыйақы табыс етті - Yvision.kz