Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Солтүстікқазақстандықтар WBA International титулының иегері, боксшы Жанат Жақияновты салтанатпен қарсы алды

Петропавлда солтүстікқазақстандықтар белгілі жерлестері, боксшы Жанат Жақияновты салтанатты түрде қарсы алды.

Еске салсақ, Жанат Жақиянов Болгарияда WBA International титулы үшін айқаста аргентиналық Хэктор Роландо Гусманмен кездесті. Алтыншы раундта қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа жіберді, сөйтіп WBA International титулын жеңіп алды.

«Енді туыстарыма, анама, жарыма, қызыма көңіл бөліп, аздап демалғым келеді. Биыл қазанда немесе қарашада тағы бір үлкен жекпе-жек өткізу жоспарымда бар. Бұл әлем чемпионы титулы үшін айқас болмақ. Промоутермен сөйлестім, Жапония, Британия чемпиондарымен жекпе-жек өткізуге дайындаламыз. Мен әзірмін, өзімді тамаша сезінемін», — деді боксшы.

 

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат

0
0
237

Зарина Дияс Эжени Бушардан өте алмады

Қазақстанның бірінші, әлемнің 34-інші ракеткасы Зарина Дияс Рим турнирінің екінші айналымында дүниежүзілік сатыда алтыншы орында тұрған канадалық Эжени Бушармен күш сынасты.

Чемпионат.ком сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Зарина 3:6, 4:6 есебімен екі партияда есе жіберіп, үшінші айналымға өте алмады. Э.Бушар 9 брейк-пойнттың алтауын сәтті пайдаланса, З.Дияс 7 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды.

Айта кетейік, қазақстандық теннисші енді жылдың ең басты жарыстарының бірі «Ролан Гаррос» турниріне қатысатын болады.

 
Басты сөздер: Спорт
0
0
273

Головкин пен Монро жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Кеше Геннадий Головкин мен кіші Вилли Монро арасында 16 мамыр күні Калифорнияда болатын жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімі өтті, деп хабарлайды BoxingScene.com. Геннадий Головкиннің таразыдағы салмағы 165 фунтты (74,8 келі) көрсетті. Монро алдын ала екі өлшенуден бас тартқан болатын, егер ол Головкинді жеңген жағдайда Коттоға қарсы өткізілетін жекпе-жекке міндетті үміткер болмайды, ал WBC Уақытша чемпионының атағы бос болып қала береді. Осыған қарамастан, Бүкіләлемдік бокс кеңесі барлық медициналық және сақтандыру шығындарын жабады, өйткені американдық боксшы ұйымның титулдық жекпе-жегіне қатысады. Естеріңізге салсақ, Головкин мен Монро арасындағы жекпе-жек 16 мамыр күні Лос-Анджелес қаласындағы жаңартылған «Форум» аренасында өтеді. Ол Астана уақыты бойынша 17 мамыр күні шамамен саға…

0
0
241

Қазақстан құрамасының футболдан Буркина-Фасомен жолдастық кездесуі тең аяқталды

Қазақстан құрамасы Алматыда футболдан Буркина-Фасо командасымен жолдастық кездесуін 0:0 есебімен тең аяқтады, деп хабарлады Sports.kz. Матч басталарда, Буркина-Фасо командасының құрамы жарияланғанда-ақ, ойында айта қаларлықтай жаңалық болмайтыны белгілі болды, Қазақстанда олардың ойыншыларын ешкім де білмейтін болып шықты. Қазақстан құрамасында да оқшау жағдай күтілген жоқ. Бауыржан Исламханның болмайтыны алдын ала белгілі болды. Қақпаға қарай алғашқы соққыны Африка футболшылар жасады. Бану Диавара алыстан допты қақпаға салуды көздеді, бірақ та доп қақпа үстінен өтіп кетті. Алаң қожайындары Ұлан Қонысбаевтың қақпасы маңынан қатты соққымен жауап қатты, Азат Нұрғалиев допқа сәл жете алмай қалды. Буркинолықтардың қорғаушыларының қателігі Таңат Нөсербаевтың қауіпті соққысымен аяқталды. Диавар…

0
0
209

Отырып ойнау волейболынан қызылордалықтар халықаралық турнирдің қола жүлдесін иеленді

Ақтау қаласында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында отырып ойнау волейболынан халықаралық турнир өтті. Оған Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облысы, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда облыстарынан және Ресей, Түркіменстан, Өзбекстаннан 10 команда қатысты. Жарыс нәтижесінде Қазақстан кубогының иегері, Қазақстан чемпионатында күміс жүлдегер атанып, жоғары нәтиже көрсетіп жүрген Қызылорда облысының командасы Өзбекстан құрамасын жеңіп, турнирдің қола жүлдесіне ие болды. Бірінші орынды Маңғыстау облысы иеленсе, екінші орынды Ақтөбе облысының құрама командасы еншіледі. Үстіміздегі жылдың 13-17 мамыр аралығында Эрик Қасқабаев пен Шыңғыс Медеуов Элблонг қаласында болатын Польша кубогынде еліміздің намысын қорғайтын болады. Автор: Елубай Әуезов Басты сөздер: Қызылорда облысы , Спорт ҚЫЗЫЛОРДА. Қ…

0
0
380

Чемпиондар лигасы: «Барселона» «Баварияны» ойсырата жеңді -3:0

Испандық футбол клубы каталондық «Барселона» Чемпиондар лигасының жартылай финалының бірінші ойынында өз алаңында мюнхендік «Баварияны» 3.0 есебімен ойсырата жеңді.

Екі допты аргентиналық шабуылшы Лионель Месси (77-я и 80-я минуттарда) салды, ал үшіншісін қосымша уақытта бразилиялық Неймар соқты.

Месси жаңа рекордқа қол жеткізді. Ол Чемпиондар лигасындағы үздік сұрмерген (77 гол) ретінде Роналдуды (76 гол) артқа тастады.

Қос клуб арасындағы қарымта кездесу 12 мамыр күні Мюнхенде өтеді, деп хабарлайды Би-би-си.

0
0
320

Мэйвезер Пакьяомен қарымта кездесуге берген келісімінен айнып қалды

Америкалық боксшы Флойд Мэйвезер филиппиндік Мэнни Пакьяомен қарымта айқас өткізуге әзірге мүдделі еместігін мәлімдеді. Ол өзінің бұрынғы қарсыласын су жүрекке балады, деп жазады Би-би-си.

«Иә, мен бұдан бұрын қарымта айқасқа дайын екенімді айтқанмын. Қазір ол ойымнан айныдым. Себебі ол жолы болмаған су жүрек. Егер жеңілсең, оны мойындап: «Мейвезер, сен мықты боксшысың» деп айтуы керек еді», — деді спортшы америкалық Showtime арнасына берген сұхбатында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Пакьяо айқас алдында иығынан жарақат алғаны жайлы ақпаратты жасырып қалған. Бұл үшін ол бір жылдан төрт жылға дейін түрмеге қамалуы және жарысқа қатысу құқығынан айырылуы мүмкін.

2 мамырда Лас-Вегаста Флойд кіші Мэйвезер Мэнни Пакьяоны 12 раундта ұпай саны бойынша жеңген болатын.

0
0
261

Минскіде екі қазақстандық боксшы халықаралық турнир финалына шықты

Ержан Жомарт (49 келіге дейін) және Еркін Мұхамеджан (91 келіге дейін) Кеңес Одағының батыры Виктор Ливенцевке арналған Минск турнирінің финалына шықты.

Бұл туралы Қазақстандық бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Қорытынды жарыста Ержан Түркия боксшысымен, Еркін Өзбекстаннан келген боксшымен шығады.

Абылайхан Жүсіпов (64 келіге дейін) пен Шаймұрат Құсайынов (81 келіге дейін) жартылай финалда қарсыластарына жол беріп, құрмет тұғырында үшінші орыннан көрінетін болды.

Турнирге барлығы 10 елден 85 боксшы қатысуда.

0
0
263

Жанат Жақиянов WBC рейтингінде қайта көш бастады

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) әлемдегі барлық салмақ санатындағы жаңартылған боксшылар рейтингін жариялады, деп хабарлады Sports.kz.

Жанат Жақиянов жеңіл салмақ (53,5 келіге дейін) санатында бірінші орынға қайта оралды. Бейбіт Шүменов бірінші ауыр салмақта (90,7 келіге дейін) 17-ші орнын сақтап қалды. Осы салмақтағы Иса Ақбербаев 34-ші орынға түсіп, екі сатыға төмендеді. Ал бірінші орта санаттағы (69,8 келіге дейін) Қанат Ислам 33-тен 32-ші орынға көтерілді.

0
0
263

Қанат Ислам мен Жанат Жақиянов WBA рейтингіндегі көрсеткіштерін жақсартты

Қанат Ислам мен Жанат Жақиянов WBA рейтингіндегі көрсеткіштерін жақсартты.

WBA  нұсқасы бойынша барлық салмақ дәрежесіндегі әлем боксшыларының жаңартылған рейтингі жарияланды, деп хабарлады  Sports.kz.

Бұған сәйкес, Бейбіт Шүменов бірінші ауыр салмақ дәрежесінде (90,7 келіге дейін) екінші орынды сақтап қалды. Бірінші орта салмақта (69,8 келіге дейін) Қанат Ислам тоғызыншы орыннан сегізіншіге көтерілді. Жеңіл салмақ дәрежесінде (53,5 келіге дейін) күш сынасатын  Жанат Жақиянов бесінші сатыдан үшінші орынға дейін көтеріліп, жағдайын жақсартты.

   
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
176