Чемпиондар лигасы: «Барселона» «Баварияны» ойсырата жеңді -3:0
Испандық футбол клубы каталондық «Барселона» Чемпиондар лигасының жартылай финалының бірінші ойынында өз алаңында мюнхендік «Баварияны» 3.0 есебімен ойсырата жеңді.
Екі допты аргентиналық шабуылшы Лионель Месси (77-я и 80-я минуттарда) салды, ал үшіншісін қосымша уақытта бразилиялық Неймар соқты.
Месси жаңа рекордқа қол жеткізді. Ол Чемпиондар лигасындағы үздік сұрмерген (77 гол) ретінде Роналдуды (76 гол) артқа тастады.
Қос клуб арасындағы қарымта кездесу 12 мамыр күні Мюнхенде өтеді, деп хабарлайды Би-би-си.

