Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Премьер-Лига клубтарына әйелдер командалары да қосылуы мүмкін

Қазақстанда алдағы уақытта ерлер арасындағы Премьер-Лига клубтарына әйелдер командаларын қосу мәселесі қаралмақ. Бұл туралы әйелдер футболының 2015 жылғы маусымының ашылуына орай өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды. Кәсіпқой футбол лигасының төрағасы Бағлан Ергешев, Қазақстан футбол федерациясы әйелдер комитетінің төрағасы Бауыржан Әбдубайытов және әйелдер футбол бөлімінің жетекшісі Әнуар Биданов баспасөз мәслихатына қатысып, онда футболдан ҚР Чемпионаты мен Кубогына қатысатын командалардың капитандары мен қақпашыларына ойын жейдесі табыс етілген. «ФИФА Ұлттық әйелдер лигасын қолдау бағдарламасы бойынша Қазақстан әйелдер лигасына алғаш рет ойын жейделері мен футболға арналған жабдықтарды табыс етіп отыр. Біз УЕФА мен ФИФА тарапынан үлкен сенімді түсінеміз және барлық жобаларды сәтті ж…

0
0
340

Астанадағы спортшылардың саны соңғы бес жылда 50 пайызға өсті

Елордадағы спортшылардың саны соңғы бес жылда 6 828 адамға немесе 50 пайызға өскен. Бұл туралы Астана қалалық әкімдігінің баспасөз баянында хабарланады. Ұлт денсаулығы — кез келген мемлекеттегі ең маңызды мәселе. Адамның басты құндылығы болып табылатын денсаулық дене белсенділігіне тікелей байланысты. Астана қаласындағы дене шынықтыру және спорт саласының көрсеткіштері оң үрдіске ие. Қазіргі уақытта елордада спорт нысандарының құрылысы мен жаңғыртылуы жүргізіліп, бұл дене шынықтыру және спорттың жандануына, үздік жетістіктер спорты мен бұқаралық спортты дамытуға оң әсерін тигізіп жатыр. Астана қаласында дене шынықтыру және спорт саласында 25 мемлекеттік кәсіпорын жұмыс істейді, онда спорттың 76 түрінен жаттығу жүргізіледі: 10 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, 7 спорт клубы, 2 спорт ком…

0
0
285

Мадридтің «Реалы» қарсыластарының қақпасына допты қарша боратты

Испания чемпионатының 29 турында Мадридтің «Реалы» қарсыластарының қақпасына допты қарша боратты, ойынның қорытынды нәтижесінде корольдік клуб ойыншылары «Гранада» командасын 9:1 есебімен жеңді. Бірінші кезеңнің 25 минутына дейін «Гранада» командасы «Реалмен» тең ойнап жатты. Содан кейін қақпасына доп жауып кетті. Әуелі Гарет Бэйл есеп ашты. Одан кейін Роналду 8 минуттың ішінде қатарынан үш доп соқты. Бұл күні әйгілі футболшы Криштиану Роналдудың бағы жанған күн болды. Ол бес доптың авторы атанды. Осы турдың ойынына дейін ол 31 доп соғып, «Барселона» командасының сұр мергені Лионель Мессиден бір допқа қалып келе жатқан еді. Енді 36 гол соққан Роналду Испания чемпионатында жеке дара көш бастады. Осы күні «Барселона» «Сельта» командасына барып ойнап, қарсыластарын жалғыз голдың арқасында же…

0
0
223

«Ордабасы» ФК ойындары тікелей эфирден көрсетіле бастады

5 сәуірден бастап Оңтүстікте алғаш рет «Ордабасы» футбол командасының Шымкенттегі кездесулері «Қазақстан-Шымкент» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен. Футбол жанкүйерлері үшін осы жағымды жаңалық облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының қолдауымен іске асып отыр. Бұдан былай «Ордабасының» шалғай ауылдардағы жанкүйерлері Шымкенттің Қажымұқан атындағы орталық стадионында өтетін ойындарды үйлерінде отырып-ақ тамашалайтын болады. Облыстық бас телеарнасы жасыл алаңдағы тартысты бәсекелерді жұртшылық назарына сапалы әрі уақтылы ұсынбақ. Тікелей эфирден берілетін матчтарды өңірге белгілі спорт журналистері жүргізетін болады. Айта кетерлігі, «Ордабасының» ел біріншілігі және ел кубогы жолындағы ойындары бұрын-соңды эфирден берілген е…

0
0
292

Теннис: Чарльстон турнирінде Қазақстанның үш бірдей спортшысы бақ сынайды

6-12 сәуірде АҚШ-тың Чарльстон (Оңтүстік Каролина) қаласында теннистен өтетін халықаралық турнирде Қазақстанның үш бірдей спортшысы бақ сынайды. Чемпионат.ком сайтынан алынған мәліметке қарағанда, аталмыш жарыстың жүлде қоры — 731 мың АҚШ доллары. Қазақстанның үздік теннисшісі Зарина Дияс Чарльстон турниріне 11-інші ракетка ретінде қатысқалы отыр. Оның алғашқы қарсыласы әзірге белгісіз. Тағы бір қазақстандық Ярослава Шведова бірінші айналымда швейцариялық Стефани Фегельмен кортқа шықса, Юлия Путинцева бұрынғы отандасы, ресейлік Евгения Родинамен күш сынасады. Айта кетейік, аталмыш турнирдің бірінші және екінші ракеткалары — канадалық Эжени Бушар мен ресейлік Екатерина Макарова. Жарыстың өткен жылғы жеңімпазы, германиялық Андреа Петкович үшінші болып тіркелген. Басқа да мықтылар бар. Әйелд…

0
0
339

Тоғызқұмалақтан Қазақстан чемпионатында қызылордалықтар топ жарды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат — Павлодар қаласында жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақтан өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында Қызылорда облысының құрама командасы көш бастап, облыс қоржынын 3 алтын, 2 күміс, 5 қола медальмен толтырды. Ел чемпионаты тоғызқұмалақтың классика және блиц түрінен өтті. Тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасында облыстың аға жаттықтырушысы Марат Рахметов жетекшілік жасаған жерлестеріміз облыс үмітін ақтап, жеңіспен оралды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Нәтижесінде классика және блиц бойынша сырдариялық Ақерке Кенжебекова 14 жасар қыздар арасында ел чемпионы атанды. Классикадан 10 жасар қыздар арасында Аружан Садықбекова және 12 жасар қыздар арасында Жұлдыз Садықбек (екеуі де №2ОМБЖОРМ) екінші орынды иеленді…

0
0
352

Талдықорғандық спортшылар шосседегі веложарыс бойынша Қазақстан чемпионатында үздік атанды

Шосседегі веложарыс бойынша төрт күндік қысқы чемпионаттың қорытындысында Алматы облысының спортшылары сегіз медальға, соның ішінде үш алтынға қол жеткізді. Екінші орында — алматылық, ал үшінші орында — солтүстікқазақстандық велошабандоздар. Бұл туралы Қазақстанның велоспорт федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады. Алматы облысының құрамасы 40 шақырымдық жарыста Қазақстан чемпионы атанды. Оның құрамында Григорий Штейн, Сергей Лущенко, Сергей Кузьмин және Дмитрий Риве болды. Григорий Штейн сонымен қатар Ерлан Пернебековтің құрметіне өткізілген критериум жарыста жеңіске жетті. Қыздар арасында бұл сында СҚО өкілі Наталья Сайфутдинова үздік атанды. Сонымен бірге 1 сәуірде Шымкентте маунтин-байк бойынша ұлттық чемпионат басталатыны хабарланды. Басты сөздер: Алматы облысы , Спорт ТАЛДЫҚОРҒ…

0
0
386

Астанада сумо балуандары өнер көрсетеді

17 наурызда Астанада ең көне жекпе-жек түрлерінің бірі -сумо балуандарының көрсетілімдік белдесулері өтеді. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, Астана қаласы әкімдігінің және «Қазақстан барысы» федерациясының қолдауымен Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігі ұйымдастыратын шараның негізгі мақсаты — Жапонияның ең танымал дәстүрлі спорт түрін Қазақстанда насихаттау болып табылады. Аталмыш шара қала тұрғындары мен қонақтарына сумо балуандарының шынайы жекпе-жегін өз көздерімен көріп, жауынгерлік рухты сезініп, бұл спорт түрімен жақынырақ танысуларына мүмкіндік береді. Көрсетілімдік белдесулерге күншығыс мемлекетінде сумомен 10 жыл бойы кәсіби айналысқан әйгілі қазақстандық сумошы Сүйеніш (Жапонияда Казафузан деген есіммен белгілі) қатысады. Көрсетілімдік белдесулер 17 наурыз күні…

0
0
413

WSB маусымында «Astana Arlans» тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді

WSB матчы бойынша «Rafako Hussars Poland» клубымен кездескен «Astana Arlans» польшалықтарды 5:0 есебімен ойсырата жеңді, деп жазады Sports.kz.

Нақтырақ айтқанда, 49 келі салмақтағы Жомарт Ержан Давид Себастьян Ягодзинскийден үстем түссе, Мейірболат Тоитов (56 келі) Сильвестр Гржегорж Козловскийден басым болды. Ал Самат Башенов (64 келі) Казимирв Гржижтовв Леговскийді техникалық нокаутпен жеңді.

Мейірім Нұрсұлтанов (75 келі) Томаш Яблонскийді, Василий Левит (91 келі) Игорь Павел Якубовскийді ұтты.

Алдағы 21 наурыз күні боксшыларымыз Шымкент қаласында әзербайжандық «Azerbaijan Baku Fires» клубымен кездеседі.

0
0
168

Қанат Исламның қарсыласы ауысты

23 наурызда бірінші орта салмақтағы 30 жастағы қазақстандық боксшы Қанат Ислам ұзақ үзілістен кейін рингке қайта оралмақ.

Бастапқыда Қанат атағы шыға қоймаған колумбиялық боксшы Карлос Гальванмен (10-2-1, 9 КО) кездесуі тиіс болатын, бірақ белгісіз себептермен ол жекпе-жектен бас тартты.

Енді қазақстандыққа басқа колумбиялық боксшы Орландо Хесус Эстрада (11-6-1, 9 КО) қарсы шығатыны белгілі болды. Ол Қанат Исламға тиесілі WBA Fedelation титулы үшін бақ таластырады.

Орландо Де Хесус Эстрада бірінші орта салмақ боксшылары арасында рейтингте 354-ші орында, деп хабарлайды sports.kz

0
0
159