Екінші құрамамыздың сапында Кубаның екі қызы ойнайды...
Осы ретте айта кетейік, Елбасы кубогындағы біздің екінші құрама сапында Кубаның екі қызы ойнап жүр. Спорттық терминмен айтқанда, екеуі бәйгеден тыс қатысады. Десек те, жас қыздарымызбен жасақталған құрамаға қанат бітіріп, қарқынын үдете түспесе, ойын өрнегін ақсатып жүрген жоқ секілді. Павлодарда волейболдан әйелдер арасында «Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев кубогы» халықаралық турнирі басталып, алғашқы екі күнгі ойындары да өтіп кетті. Екі күнгі ойындарда екі құрамамыз да жеңіске жетті. Осымен жиырмасыншы рет жалауын көтерген Елбасы кубогы додасына біздің ел екі құрама қосқан. Ұлттық құрамамыз бен, негізінен, талантты жас қыздарымыздан жасақталған екінші құрамамыз ерке Ертіс жағасында ел намысын қорғауда. Дәстүрлік доданың алғашқы ойыны біздің екінші құрамамыз бен Ресейдің«Уралочк…


