Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Президент кубогының жеңімпаздары

 

Бүгін Павлодарда волейболдан әйелдер арасындағы «Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев кубогы» халықаралық турнирі басталды. Осымен 20-рет жалауын көтергелі отырған додаға алты команда қатысады.

Бүгін Павлодарда волейболдан әйелдер арасындағы «Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев кубогы» халықаралық турнирі басталды. Осымен 20-рет жалауын көтергелі отырған додаға алты команда қатысады.

Әзірше дәстүрлі доданың бұған дейін қай қалаларымызда өткеніне, сондай-ақ қай жылы қандай команда жеңімпаз атанғанына тоқтала кетсек деп едік.

Волейболдан әйелдер арасындағы 1994 жылдан бері өткізіліп келеді. 2005 жылға дейін әр елдің азулы клубтары қатысып, 2006 жылдан бері, негізінен, ұлттықкомандалар қатысып, Елбасы кубогының көрігін қыздырып жүр.

1994 жыл: Павлодарда өтті, «Базис-АДК» (Қазақстан) жеңімпаз болды;

1995 жыл: Павлодар – «Уралочка» (Ресей);

1996 жыл: Павлодар – «Уралочка» (Ресей);

1997 жыл: Павлодар – China (Қытай);

1998 жыл: Павлодар – China (Қытай);

1999 жыл: Алматы – «МГФСО» (Ресей);

2000 жыл: Алматы – «Рахат» (Қазақстан);

2001 жыл: Атырау – «Корея-Тобакко» (Корея)

2002 жыл: Орал – «Рахат» (Қазақстан);

2003 жыл: Астана – «Рахат» (Қазақстан);

2004 жыл: Атырау – «Рахат» (Қазақстан);

2005 жыл: Теміртау – «Рахат» (Қазақстан);

2006 жыл: Алматы – «Джиганг» (Қытай);

2007 жыл: Астана – «Рахат» (Қазақстан);

2008 жыл: Алматы – «Сичуань» (Қытай);

2009 жыл: Өскемен – Қазақстан құрамасы;

2010 жыл: Алматы – Қазақстан құрамасы;

2012 жыл: Алматы – Таиланд құрамасы.

2011 жылы әйелдер арасындағы Қазақстан құрамасы «Әлемдік Гран-при» додасына қатысты.


 
0
0
368

Осы тақырып бойынша