Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Анна Нұрмұхамбетова: «Жеңісімді барша қазақ еліне бағыштаймын»

– Шыны керек, біз 2-орыннан дәмелі едік. Күміс иеленсем де, жаман емес қой деп ойлағанмын. Енді бұйырса, әлем біріншілігінде бақ сынайтын боламын. Дегенмен Қазандағы Универсиадаға бара алмаймын. Себебі чемпионатқа дейін біраз демалып, күш-жігерімді қайта қалпына келтіруім қажет.

Елорда төріндегі «Сарыарқа» спорт кешеніндеұйымдастырылған ауыр атлетикадан Азия біріншілігі мәресіне жетті. Елімізде үшінші рет өткізілген додада «Сары құрлықтың» 22 мемлекетінен келген 170-ке жуық зілтемірші бес күн бойыөзара мықтыны анықтады. Дүбірлі додадан кейін 75 келі салмақдәрежесінде Азия чемпионы атанған аруымыз Анна Нұрмұхамбетовамен сұхбаттасқан едік.

– Анна, таза жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жетістікке қол жеткізу қаншалықты қиынға соқты?

– Көп рахмет! Зілтемір көтеруге шыққан сайын өз-өзіме деген сенімім нығайа түсіп, жеңіске жақын қалғанымды сезіне бастадым.

Үш бірдей алтынды мой­ныңыз­ға тағамын деп ойладыңыз ба?

– Шыны керек, біз 2-орыннан дәмелі едік. Күміс иеленсем де, жаман емесқой деп жүргенімде, жекелей сайыстарда да, қоссайыс нәтижесінде деүздік шықтым (күліп).

– Бұл жеңісіңізді кімге арнайсыз?

– Еліміздің ауыр атлетикасының 75 жылдығына арнаймын. Соныменқатар, жанкүйерлік танытқан барша Қазақ еліне бағыштағым келеді.

– Серпе көтеруде қолыңызды жарақаттап алған тәріздісіз…

– Уайымдайтындай емес. Зілтемірді сәтсіздеу қойған сияқтымын. Дегенмен ешқандай ауруды сезінім тұрған жоқпын.

Әлем чемпионатында өнер көрсету жоспарыңызда бар ма?

– Бұйырса, әлем біріншілігінде бақ сынайтын боламын. ДегенменҚазандағы Универсиадаға бара алмаймын. Себебі чемпионатқа дейін біраз демалып, күш-жігерімді қайта қалпына келтіруім қажет.

Әріптесіңіз Анастасия Швабауэрдің өнерін қалай бағалайсыз?

– Анастасия үшін қуаныштымын. Менің әлем чемпионаттарында 13-орыннан көрінген кездерім болған. Ал Настя әлемдік додаларда тәжірибесі аздау, соған қарамастан 5-орынға табан тірегінінің өзі үлкен жетістік. Оның әлеуеті өте жоғары. Алдағы уақыттарда үздіктерқатарынан көрінуге мүмкіндігі зор.

– Азия чемпионы атанатыныңызды қай сәтте түсіндіңіз?

– Өз басым қарсыластарымның қанша келіге тапсырыс бергенін қараған жоқпын. Оған бапкерлер рұқсат бермейді де. Бірақ серпе көтеруде 130 келіні бағындырғанымда, іштей «алтын менікі» дедім.

– Бәлкім, осыдан соң аздап босаңсып, 137 келіні бағындыра алмай қалған шығарсыз?..

– Ол да мүмкін. Алла жазса, бұдан былай кеткен қателіктерді жою үшін жұмыс істейтін боламыз.

– Бұл доданың сіз үшін маңыздылығы қанша?

– Бәзбіреулер Олимпиада ойындарының жолдамасына қатысы болмаған соң, біріншілікке аса мән бермей жатқан сияқты. Дегенмен, Азия чемпионаты дегеніміз облыстық, республикалық деңгейдегі дода емес, ол — бүтін бір құрлықтың мықтысын анықтайтын дода.


 
0
0
431

Осы тақырып бойынша

Анна Нұрмұхамбетова: «Жеңісімді барша қазақ еліне бағыштаймын» - Yvision.kz