ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Қостанайда хоккей жұлдыздарының қатысуымен матч өтеді

 

Қостанайда Әлем, Еуропа және Олимпиада чемпиондарының қатысуымен хоккей матчы өтеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Бұл туралы Қостанай қаласының әкімі Г.Нұрмұхамбетов хабарлады.

«Өткен жылы «Орталық» стадионында өткен Қостанай футболының ардагерлері мен мәскеулік «Спартак» клубының ардагерлері арасында өткен жолдастық кездесу көпшіліктің көңілінен шыққан болатын.

Биылғы жылы шайбалы хоккейден осындай кездесу өткізуді ұйғардық. 16-шы тамызда өтетін матчта бірнеше дүркін әлем чемпиондары, Еуропа және Олимпиада ойындарының жеңімпаздары, атап айтқанда Сергей Макаров, Александр Якушев, Александр Мальцев, Владимир Мышкин, Юрий Ляпкин, Сергей Бабинов, Александр Голиков және басқалары қатысады»,-деп атап өтті ол.