ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Екінші құрамамыздың сапында Кубаның екі қызы ойнайды...

 

Осы ретте айта кетейік, Елбасы кубо­гын­дағы біздің екінші құрама сапында Кубаның екі қызы ойнап жүр. Спорттық терминмен айтқанда, екеуі бәйгеден тыс қатысады. Десек те, жас қыздарымызбен жасақталған құрамаға қанат бітіріп, қарқынын үдете түспесе, ойын өрнегін ақсатып жүрген жоқ секілді.

Павлодарда волейболдан әйелдер арасында «Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев кубогы» халықаралық турнирі басталып, алғашқы екі күнгі ойындары да өтіп кетті. Екі күнгі ойындарда екі құрамамыз да жеңіске жетті.

Осымен жиырмасыншы рет жалауын көтерген Елбасы кубогы додасына біздің ел екі құрама қосқан. Ұлттық құрамамыз бен, негізінен, талантты жас қызда­ры­мыз­дан жасақталған екінші құрамамыз ерке Ертіс жағасында ел намысын қорғауда.

Дәстүрлік доданың алғашқы ойыны біздің екінші құрамамыз бен Ресейдің«Уралочкасы» арасында өтті. Өткен мау­сымда Ресей чемпионатында 4-орын алған Екатеринбург клубы елордаға қосал­қы құрамын жіберіпті. Әйгілі «Ура­лоч­ка» клубының жас волейболшылардан жасақталған ұжымы біздің бой­жет­кен­де­рімізге төтеп бере алмады. Есеп – 1:3.

Осы ретте айта кетейік, Елбасы кубо­гын­дағы біздің екінші құрама сапында Кубаның екі қызы ойнап жүр. Спорттық терминмен айтқанда, екеуі бәйгеден тысқатысады. Десек те, жас қыздарымызбен жасақталған құрамаға қанат бітіріп,қарқынын үдете түспесе, ойын өрнегін ақсатып жүрген жоқ секілді.

Екеуі де біздің жас қыздарымызбен тізе қоса қимылдап, екінші құраманың бірінші ойындағы жеңісіне сүбелі үлес қосты. Бұл екеуі ал­дағы маусымда «Алматы» клубының сапында ойнайды екен. Әлден қазақ волейболының дәмін тата берсін деп, екінші құрамамыздың сапына қосылыпты.

Ал ұлттық құрамамызға Беларусь қыздарын жеңу оңайға түспеді. Қазақстанқыздарының Беларусь құрамасымен өткен кездесуі бес сетке созылды. Екі сағаттай уақытқа созылған матчта біздің қыздар жеңіске жетті.

Бұл ойын екі құрама үшін де баға жетпес тәжірибе болды. Дәл қазір біздің құрама тамыз айында өтетін әлемдік гран-при додасына дайындалып жатса, қонақ­тарымыз қыркүйек айында Еуропа чем­пио­натының електік ойындарын өткізу ке­рек екен.

Ал біздің екі құрамамыз ойнаған матчтардың арасында Қытайдан келген «Ляонин» (Liaoning) клубы Әзірбайжан құра­масын төрт сетте тізерлетті.

Ойындар нәтижесі:

1-күн:

Қазақстан-2 – «Уралочка-2» – 3:1(25:15, 19:25, 25:15, 25:16)

Әзірбайжан – «Liaoning» – 1:3 (25:27, 10:25, 25:14, 21:25)

Қазақстан – Беларусь – 3:2 (26:24, 16:25, 25:17, 19:25, 15:5)

2-күн:

Қазақстан-2 – Әзірбайжан – 3:0 (25:20, 25:18, 25:21)

Беларусь – «Liaoning» – 0:3 (25:27, 22:25, 7:25)

Қазақстан – «Уралочка-2» – 3:0 (25:23, 25:20, 25:19)