Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бақдәулет Қожабаев: «Францияны да жеңуге шамамыз жетеді»

 

Шымкенттің »Ордабасы» клубында ойнап, жақында ғана Павлодардың »Ертісіне» ауысқан еліміздің ең дарынды жастарының бірі Бақдәулет Қожабаев ҚФФ сайтына сұхбат беріп, жақында ғана өткен Белоруссия - Қазақстан жастарқұрамалары арасындағы ойын туралы өз ойымен бөлісті.

- Бақдәулет, «Ертістегі» жаңа ерліктеріңіз жайлы айтылар кезәлі алда. «Еуро-2015″ іріктеу додасының аясында өткен Борисовтағы Белоруссия - Қазақстан жастар құрамаларыныңарасындағы кездесуге тағы бір рет тоқталсақ

- Иә, іріктеу турнирін керемет бастадық. Белоруссия осал қарсылас емес. Талай команданың »екі аяғын бір етікке тыға алатын» ұжым. Сондықтан, мұндай команданы жеңу бізге екі есе қуаныш сыйлайды. Біздің өнерімізге бапкерлер алқасының да көңілі толды. Бір сөзбен айтқанда ұмытылмас кеш болды. Оның үстіне, Борисовтағы стадионда қазақстандықжанкүйерлердің де қарасы көп болып, бізге тамаша қолдау көрсетті. Жалпы, бұл біздің ғана емес, еліміздегі мыңдаған жанкүйерлердің көптен күткен жеңісі болатын.

- Ойыннан кейін аға бапкер Сергей Боровский не деді?

- Жеңіспен құттықтады. Бірақ босаңсымау керектігімізді айтып, барлықтартыс әлі алда екенін түсіндірді. Шынымен де турнир енді ғана басталды. Сондықтан, алдағы ойындарға барынша дайындалуымыз керек.

- Бұл кездесуде жас қақпашы Стас Покатилов тұңғыш рет ресми кездесуде жастар құрамасының қақпасын қорғады. Жасыл алаңда Стаспен тіл табысу қиын болған жоқ па?

- Жалпы, Сергей Ткачук пен Покатиловпен де жасыл алаңда жақсы тіл табысамыз. Бұл тұрғыда ешқандай проблема жоқ. Стас өз ісінің хас шебері. Бізді бұл кездесуде бірнеше рет құтқарды.

- Ойынға бір күн қалғанда қорғаушы саят Сариев жарақат алыпқалған еді. Әлбетте, жауапты сәтке аз ғана уақыт қалғанда саптан шығып қалу ойыншыға өте ауыр тиетіні түсінікті. Саятты ең болмаса рухани қолдай алыңыздар ма?

- Әлбетте. Гол соққан бетте бәріміз қосалқы құрамдағы әріптестеріміз отырған жаққа қарай жүгіріп, қуанышымызды Саятпен бөлістік. Аяғы гипсте болғандықтан орнынан әзер көтерілді. Голды соған арнадық. Жалпы, біздің құрама үлкен бір отбасы болса, Саят соның ажырамас бір бөлшегі. Алаңда орны ойсырап тұрды.

- Қазақстан жастар құрамасының алдында турнирдің плей-офф кезеңіне жолдама алу міндеті жүктелген. Тапсырмақаншалықты ауыр немесе жеңіл?

- Өте ауыр тапсырма, бірақ оны орындаудан басқа бізде жол жоқ. Дегенмен, мынаны жадымызға түйіп алғанымыз абзал. Егер ынта, жігерлік танытсақ, француздарды да жеңуге болады. Олармен өткен жылы да ойнадық қой. Алып бара жатқан дәнеңесі жоқ. Олар да біз секілді екі аяқ, екі қолы бар қарапайым адамдар. Жалпы, Белоруссияны жеңгенімізден кейін бізбен енді барлық команда санасатын болады.

- Белоруссия жастар құрамасының аға бапкері Алексей Вергеенко ойыннан кездесуден кейін белорус жастарының өз клубтарында жасыл алаңға шықпайтындықтарын, алқазақстандықтардың барлығы Премьер-лигада зор тәжірибе жинап жүргендерін айтып ақталды.

- Жеңілгеннен кейін ақталғандағысының түрі ғой. Шынтуайтына келгенде біз олардан мықтырақ болдық. Кімнің кім екенін жасыл алаң шешеді ғой.

- Десек те, қалай ойлайсың, Қазақстан чемпионатындағы жастарға байланысты лимиттік ереже жас дарындардыңшыңдалуына септігін тигізіп жатыр ма?

- Иә, бұл ереженің жастарға берер пайдасы өте мол. Осы «лимиттің» арқасында өсіп өндік қой. Жолымызды ашқан керемет бастама болды. Тәжірибелі ойыншылармен бір қатарда ойнап, шеберлігімізді шыңдауға мүмкіндік алдық. Қазақстан футболындағы бұл ережеге Вергеенконың өзі де қызыққан екен. Бұл жайында баспасөз беттерінен оқыдым.

- Жалпы, шыны керек, Қазақстан футболының болашағына сенбей, жоқ жерден сынға алып жүргендер көп. Осы жеңістен кейін сол сыншыларға не айтар едіңіз?

- «Мін түзелсе, сын да түзеледі» дейді ғой. Сын керек, бірақ несін жасырайын, кейде біздің БАҚ сынағанның жөні осы екен деп шеттен шығып жатады. Сондай кезде өзім де жағамды ұстаймын. Қалай десек те, биылғы жыл ел футболы үшін сәтті болып тұр ғой. Жасөспірімдеріміз «Президент кубогы мен Минскіде өткен УЕФА турнирінде бас жүлдені иеленді. Міне, біз де түзде Белоруссия құрамасын жеңдік. Сондықтан, сын айтқыштарымыз Қазақстан футболының өрге жүзіп келе жатқанын түсінулері керек.

- Өзің айтпақшы, бұл жеңісті Қазақстандағы мыңдаған футболсүйер қауым күтті. Жанкүйерлеріңе не айтасың?

- Әлбетте, бізді қолдаған жанкүйерлерімізге алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Шыны керек, Борисовтағы ойында стадионнан жүздегенқазақстандық жанкүйерлерді көргенімізде қуаныштан төбеміз көкке бір елі ғана жетпей қалды. Қолдаулары да керемет болды. Ойыннан кейін жанкүйерлеріміз отырған трибунаға барып, иіліп алғыс білдірдік. Енді 11 тамызда елорданың »Астана-Арена» стадионында Армения құрамасынқабылдаймыз. Стадионға жанкүйерлеріміз көп келеді деп үміттенеміз.Қанша дегенмен, өз жеріміздегі кездесу ғой. Көрермен бізді жалғызсыратпас деп үміттенеміз.


 
0
0
727

Осы тақырып бойынша

Бақдәулет Қожабаев: «Францияны да жеңуге шамамыз жетеді» - Yvision.kz