Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Евгений Евстафьев — Азия чемпионатының қола жүлдегері

 

Кеше, Азия чемпионатының үшінші күні ерлер арасында 85 келі салмақ дәрежесіндегі бәсеке өтті.

Бұл салмақта Евгений Евстафьев пен Ербол Мейірманов бақтарын сынады. Евгений жалпы есепте 341 келілік зілтемірді бағындырып, Азия чемпионатының қола жүлдесін иеленді. Ал Ербол өкінішке орай, өз мүмкіндігін көрсете алмады. Бұл салмақта бірінші орынды иран ауыр атлетшісі Сураб Моради алса (358 кг), екінші орынды ирак спортшысы Әл-Джумаили Сафа (351 кг) еншіледі.

0
0
392

Қанат Ислам: «Осы кемшілігім болмаса...»

– Елден кеткен соң, бiрден өзiмнiң салмағымда әлемдiк рейтингте 12-орындағы боксшыға ұсыныс жiбердiм. Бiрақ ол бас тартып қабылдамады. Егер мен соны жеңiп, 12-сатыға шықсам, чемпиондық белбеуге таласуға мүмкiндiк туады. Бiз бұл жоспарды күзде жүзеге асыруға ниеттіміз. Қанат Ислам кәсiпқой боксқа ауысып, әуесқойлар арасында жүрiп бөктере алмаған жетiстiктi кәсiпқой бокстанөңгермек. Миллиардтаған Қытай мемлекетiнiң туы астында бiрнеше жыл бәйгеге түскен саңлақ 2008 жылы Бейжiңолимпиадасында қола жүлде олжалаған соң, елге оралған. Бiрақ өзiмiзге келгенде тарыла қалатын азаматтық мәселесiқолбайлау болып, 2011 жылы Баку қаласында өткен әлем чемпионаты мен былтыр Лондонда болған Олимпиада ойындарына Қанат Қазақ елiнiң атынан қатысу құқығынан айырылды. Әуесқойлар арасында сая таппайтынын бiлген…

0
0
484

БАҚ қызметкерлерінің арасында волейболдан өткен алғашқы турнир аяқталды

Журналистер күніне орай БАҚ қызметкерлерінің арасында волейболдан өткен алғашқы турнир аяқталды, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

Әйелдер арасында өткен турнирге 2 команда қатысты. Олар — жарысты ұйымдастырған «Қазконтент» АҚ акционерлік қоғамының құрамасы мен «Интерфакс-Қазақстан» ақпараттық агенттігінің командасы. Кубок турнир чемпионы – «Қазконтент» АҚ құрамасына бұйырды. Олар 3:1 есебімен жеңіске жетті. Ал екінші орынды сәйкесінше «Интерфакс-Қазақстан» ақпараттық агенттігінің командасы иеленді.

 


0
0
267

16 тур: «Ақтөбе» қара үзіп кетті

Кеше футболдан Қазақстан премьер лигасының 16 тур ойындарыөтіп, біріншілік көшбасшылары арасындағы ұпай айырмашылығы арта түсті. «Ақтөбе» — «Астана» 2:1 Голдар: Кападзе 15, 1:0, Кападзе 17, 2:0, И. Қуат 54, 2:1 Турдың орталық матчына баланған кездесу Ақтөбеде өтті. Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионға жиналған жанкүйерлер тартысты ойынға куәболғанына сөз жоқ. Көш басындағы қос команданың арасындағы мачт біраз нәрсенің түйінін шешкендей. «Ақтөбенің» өзбекстандық легионері Тимур Кападзе соққан қос гол елордалық команданың еңсесін басып тастады. Ал, «Астана» тарапынан Исламбек Қуат көзге түсті. «Астана» жеңілсе де, қазақ баласының гол соққаны көңілімізді көтеріп тастады. «Ордабасы» — «Тобыл» 1:0 Гол: Юнузович 16, 1:0 Бүгін «Ордабасы» ерледі. Қашанда ел чемпионатындағы фавориттер қатары…

0
0
481

«Барыстың» қақпасында – финн «қамалы»

Тіпті Германияда тұратын қазақ қақпашысы Данияр Жүнісовпен де келіссөздер жүргізілгендей еді. Бірақ оның «Гризли Адамс Вольфсбург» клубымен арадағы келісімшарты әлі бір жылға жарамды екен. «Барыс» клубы өз құрамын финн қақпашысымен толықтырды. Маусым аяқталысымен, былтыр астаналық клубтың намысын қорғаған финнқақпашысы Теему Лассила «Авангард» клубына ауысқан. Негізі, «Барыстың» өзі бұл қақпашыны өз құрамында қалдыруға мүдделі болмағандай. Содан кейін оның орнына тәжірибелі қақпашы іздестірілді. Тіпті Германияда тұратын қазақ қақпашысы Данияр Жүнісовпен де келіссөздер жүргізілгендей еді. Бірақ оның «Гризли Адамс Вольфсбург» клубымен арадағы келісімшарты әлі бір жылға жарамды екен. Содан сәрсенбі күні «Барыс» клубы Финляндия құрамасының қақпашысы Ари Ахоненмен бір жылға келісімшартқа отырғ…

0
0
218

Е.Орынбаев Самар ауылындағы спорт кешенінің ашылуына қатысты

Сурет podrobnosti24.ru сайтынан алынған ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ербол Орынбаев Шығыс Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары барысында Самар ауылындағы спорт кешенінің ашылуына қатысты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Спорт кешені екі бөліктен тұрады, бірі – көптеген ойын түрлеріне арналған жабық ғимарат болса, екіншісі – сапалы жасанды шөбі бар футбол алаңы. Нысан мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің арқасында бой көтеріп отыр. Айта кетерлігі, соңғы үш жылда Шығыс Қазақстан облысы бойынша шамамен 135 спорттық нысан салынған. Сонымен қатар, бизнестегі әлеуметтік жауапкершілікті сезінген азаматтар ауыл мен қалаларда «Туған жерге қызмет ет» атты акция аясында 20 спорт алаңдарын салған. 2013 жылы осы акция бойынша тағы да бірқатар әлеуметтік нысандарды салу жоспарланып отыр. Облыс…

0
0
347

Біреу алтынды көздейді, біреу кубокты көксейді

Қазақстанда бірде-бір клуб үш «майданда» бірдей жоғары жетістікке қол жеткізуге дайын емес. Сондықтан бірін алсаң, бірін жоғалтуға мәжбүрсің. Дәл қазір қолда бар күшті дұрыс қолданып, өз командаңның шама-шарқын дұрыс бағамдай білуің керек. Осы аптаның ортасында футболдан Қазақстан чемпионатының ширек финалдық ойындары өтті. Төрт команда жартылай финалға шығып, төртеуі ел кубогы додасынан шығып қалды. Бірақ солардың арасында жеңілгендеріне өкінбейтіндер де бар сияқты… Осыдан бірер күн бұрын елордада, ел чемпионатының 15-туры аясында «Астана» және «Шахтер клубтары кездескен болатын. Сол ойында 1:0 есебімен астаналықтар жеңіске жетті. Бес күннен кейін екеуі тура сол «Астана-Арена» стадионында қайта кездесті. Бұл жолы 2:1 еспебімен кеншілер басым түсті. «Астана» бұл ойында жасыл алаңға негізі…

0
0
337

Каратанчева Воскобоеваның ізін ала «Уимблдон» біліктілік кезеңінің финалына өтті

 

Қазақстандық спортшы Сесиль Каратанчева «Уимблдон» біліктілік кезеңінің финалына жолдама алды.

Екінші айналымда 23 жастағы Каратанчева 6:4, 6:1 есебімен британдық Джейд Виндлиді ойсыра жеңді. Атап өткен жөн, Каратанчева әлемнің 128-ші ракеткасы саналса, 23 жастағы британдық теннисші тізімнің 389 сатысында орналасуда. Бұған дейін спортшылар өзара шеберліктерін сынамаған.

Бұған дейін біліктіліктің ақтық кезеңіне еліміздің өзге теннисшісі — Галина Воскобоева өткен болатын.

Еске сала кетейік, «Уимблдон» — ең көне және беделді теннистік жарыс ретінде саналады. «Үлкен шлемнің» төрт турнирінің бірі жылда маусым айының аяғы мен шілденің басында Уимблдонда ұйымдастырылады. Бәсеке екі аптаға созылады.

Бұл туралы Vesti.kz. жазып отыр.


0
0
352

Оралдық полицейлер алдағы кәсіби мерекелеріне орай спартакиада өткізді

 

Оралда Қазақстан полициясы күніне орай ІІБ қызметкерлері арасында жазғы спартакиада өтті, деп хабарлады BNews.kz тілшісі БҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Жарысқа 7 команда қатысты. Олар қалалық ішкі істер басқармасында түрлі қызметтер атқаратын азаматтар. Полиция қызметкерлері бес спорт түрі бойынша күш сынасты. Атап айтсақ, турникте тартылу, гір спорты, «Макаров» тапаншасынан ату, мини-футбол және 4-400 метрлік қашықтыққа жеңіл атлетикалық эстафета.

«Бірінші жалпы командалық орынға патрульдік полиция батальонының командасы ие болды, ал екінші орынды әкімшілік полиция бөлімінің қызметкерлері, үшінші орынды күзет қызметі иеленді.


0
0
411

«Қазконтент» АҚ Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне арналған спорттық турнирлер өткізеді

 

«Қазконтент» АҚ 28 маусымда атап өтілетін Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай волейбол мен футболдан турнир ұйымдастырады.

22 маусымда сағат 9:30-да «Алатау» спорт кешенінде әйелдер арасында «Қазконтент» АҚ кубогы үшін волейболдан жолдастық кездесу өтеді. 2 команда – «Қазконтент» АҚ мен «Интерфакс-Казахстан» ақпарат агенттігі құрамасы қатысуға ниет білдірді.

29 маусымда сағат 9:30-ден 14.00-ге дейін «Алатау» спорт кешенінде ерлер арасында футболдан турнир өтеді. Ойындарға 8 команда – «Қазконтент» АҚ, «Хабар», «24.kz», «Қазақстан», «KzSport» арнасы, «Керек Инфо» еркін блог жүйесі, «Егемен Қазақстан», «Астана Ақшамы» газеті құрамасы қатысады.

Турнирлерге қатысуға ниет білдірушілер [email protected] электронды мекенжайына өтімдерін жібере алады.

0
0
330