Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

«Астана» Президенттік кәсіби спорт клубының тұсаукесеріне әйгілі футболшы Луиш Фигу қатысты

Бүгін Елордада «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубының тұсаукесері өтуде. Оған әйгілі футболшы Луиш Фигу қатысып отыр, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Барселона» мен «Реал Мадрид» клубтарының құрамында болған, ФИФА нұсқасы (2001) бойынша ең үздік футболшысы Луиш Фигу, тұсауы кесіліп отырған Президенттік спорттық клубтың Қазақстандағы спорттың дамуына үлкен ықпалын тигізетініне сенімін білдірді. «Астана» Президенттік клубының тұсаукесеріне қатысып отырғаныма өте қуаныштымын. Бұл спорттың, инфрақұрылымның және спорт менеджментінің дамуына оң ықпалын тигізеді», — деді ол баспасөз мәслихаты барысында. Бұған қоса Луиш Фигу клубтың тұсаукесеріне қонаққа шақырғаны үшін ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. «Спортты дамытуға, әсіресе футболға қатысты келгенде өз тарапымнан қолымнан келгеннің…

0
0
371

Қапашағайда ашық суда жүзуден VI Азия чемпионаты өтті

Қапашағай су қоймасындағы «Неаkеn» демалыс орны маңында ашық суда жүзуден VI Азия чемпионаты өтті, деп хабарлады BNews.kz тілшісі облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасына сілтеме жасай отырып. Чемпионаттың ашылу салтанатына ҚР спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов қатысты. Алматы облысында мұндай жарыстар алғаш рет өткізілді. Қазақстан атынан жүзуден 10 спорт шебері: 5 ер және 5 әйел қатысты. Гонгконгтан чемпионатта 8 әйел мен сонша ер адамнан тұратын команда өнер көрсетті. Оманнан 4 жүзгіш, Иран, Қырғызстан мен Өзбекстаннан екі спортшы және Сириядан бір-бірден қатысты. Ерлер арасында 5000 метрге жүзуден қазақстандық Виталий Худиков бірінші болып мәреге жетті, екінші болып сириялық Мухаммед жетсе, ал үздіктер үштігін тағы бір қазақстанды…

0
0
386

Дзюдодан әлем додасының бірінші күні қазақстандық әскери қызметшілер 3 медаль иеленді

Астана қаласындағы «Дәулет» спорт кешенінде өтіп жатқан әскери қызметшілер арасындағы дзюдодан әлем чемпионаты жеке сайыстарының бірінші күні Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының әскери қызметшілері бір алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады ҚР ведомствоның баспасөз қызметі. «66 кг дейінгі салмақ дәрежесінде қарсыластарын тізе бүктірген АОСК мерзімді қызмет қатардағы жауынгері Елдос Жұмақанов алтын медальді жеңіп алды. 60 кг дейінгі салмақ дәрежесінде АОСК мерзімді қызмет қатардағы жауынгері Мейірлан Баймаханбетов күміс медальді иеленді. Әйелдер арасында 52 кг дейінгі салмақ дәрежесінде қызметкер Олеся Куценко қола жүлдені жеңіп алды», — делінген ақпаратта. АОСК өкілдерінің айтуынша, бүгінгі таңда белгіленген төменгі меже бағынд…

0
0
361

Astana Dakar ертең «Жібек жолы-2013» ралли-рейдіне шығады

Ертең, 5-ші шілдеді Astana Dakar Team командасы Мәскеу қаласындағы Қызыл алаңнан «Жібек жолы-2013» халықаралық ралли-рейдіне шығады. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихаты барысында Astana Dakar Team ралли-рейд бойынша команданың жетекшісі Артур Ардавичус мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі «Дакарға дайындық көптеген жаттығу жиындары мен Әлем кубогының кезеңдерінен құралған. Біз Әлем кубогының кезеңдеріне жыл бойы шығып тұрамыз және кем дегенде үш кезеңіне қатысамыз. Ресейдегі жарыс Дакарға даярлық ретінде өтеді. Дегенмен, ол өз шарттары мен талаптары бойынша «Жібек жолы» ралли марафонынан еш қалыспайды», — деді А.Ардавичус. Оның айтуынша, бүгін техникалық және әкімшілік тексерістер басталған. «Ертең 17,00-де Қызыл алаңда салтанатты түрде жарыстың сөресіне шығамыз. Менің команд…

0
0
507

Алматыда үздік мерген анықталды

 

Алматыда КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Әлем және Еуропа чемпионы Александр Асановтың құрметіне X халықаралық турнир басталды, деп хабарлады BNews.kz тілшісі sk-sport.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

 

Жарыста алтын медальді павлодарлық Виталий Куликов жеңіп алды. Қазақстандық мергендермен қатар Қырғызстан, Өзбекстан өкілдері жарысқа түсті. Асановтың құрметіне ұйымдастырылған қазіргі турнир еліміздің Кубогының екінші кезеңі болды. Келесі кезеңдер Астана мен Алматыда өтеді.

0
0
412

Сүлейменов саптан шығып қалды

Иорданияның Амман қаласында бокстан Азия чемпионатыөтуде. Бүгінге дейін шаршы алаңға еліміздің үш боксшысы шығып, біреуі жеңіліске ұшырады. 52 келіде сынға түскен Ілияс Сүлейменов филиппиндік Реен Солюдардан 1:2 есебімен ұтылып қалды (29:28, 29:28,29:28) 60 келідегі Берік Әбдірахманов тәжірибелі қытай боксшысы Ли Циянды 2:1 есебімен тізе бүктірді. Циян 2011 жылы өткен Азия чемпионатыныңфиналында жерлесіміз Айдар Әмірзақовтан ұтылған екен. Аса ауыр салмақтағы Иван Дычко мен иорданиялық Саиф Бадран арасындағы бәсеке уақытынан бұрын жерлесіміздің жеңісімен аяқталды. Бүгін Амман шаршы алаңына Қазақстан құрамасының 4 боксшысы шығады. Олар: 49 келі: Теміртас Жүсіпов – Тұрат Осмонов (Қырғызстан) 64 келі: Мерей Ақшалов – Әли Мазафар (Кувейт) 69 келі: Данияр Елеусінов – Виссам Жабар (Ирак) 75 келі…

0
0
434

«Астана Арландарының» қарсыластары белгілі болды

 

Швейцариялық Лозанна қаласында Дүниежүзілік бокс сериясының төртінші маусымының жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстандық команда «Azerbaijan Baku Fires», «Cuba Domadores», «Hussars Poland», «Mexico Guerreros» және «Russia» командаларымен бірге В тобына түсті. Ал А тобына «Algeria Desert Hawks», «Argentina Condors», «German Eagles», «Dolce & Gabbana Italia Thunder», «Ukraine Otamans» және «USA Knockouts» командалары кірді.

Маусымдағы бірінші кездесу Қазақстанда өтеді. «Астана Арландары» «Azerbaijan Baku Fires» боксшыларымен жұдырықтасады.

Ережедегі негізгі өзгеріс – жарыс он салмақ дәрежесі бойынша өтеді: 49 кг, 52 кг, 56 кг, 60 кг, 64 кг, 69 кг, 75 кг, 81 кг, 91 кг, 91 кг жоғары. Еске сала кетсек, алдыңғы маусымда жарыс бес салмақ дәрежесі бойынша өткен.


0
0
319

Шалқар Жоламанов: «Шығыстың балуандары шынайы батырлық көрсетті»

Осыдан екі ай бұрын бәсірелі бәсеке өтіп, сонда Айбек Бейбітті жеңген. Қазақстан біріншілігінде де Нұғымаров үздік танылды. Қажымұқан атамыздың турниріне моңғолдар, өзбектер келіп, өзге қазақ бауырларымыз кілемнен шығып қалып жатқанда, жалғыз Айбек қазақтың намысын қорғап қалған. «Қазақстан Барысы-2012» турнирінің күміс жүлдегері Шалқар Жоламановпен сұхбат: – Шалқар, биыл «Қазақстан Барысында» балуан ретінде бақсынамай, тікелей эфирде осы доданың комментаторы ретіндеқатыстыңыз. Осы жолы Айбек жеңіске жетеді деп ойлап па едіңіз? – «Қазақстан Барысын» тікелей эфирде жүргізе отырып тамашаладым. Эфирдіңбасында-ақ «Айбек жеңеді» деп айтқан болатынмын. Аллаға шүкір, артықайтпаппын. Халықаралық және елішілік турнирлерде жеңіп жүріп, мынадайүлкен додамызда жеңіліске ұшыраса, онда Айбек таяқтың ас…

0
0
2653

Ержан Шынкеев: «Төрешілер жолымды кескенімен, жеңісті халық алып берді»

Қазақ күресінен осыған дейін Бейбітпен бір-ақ рет белдескенмін. Сол кездесуде Бейбіт жеңіске жеткен болатын. Өткен жылы «Қазақстан Барысында» жолымыз түйіскен жоқ. Ал дзюдода бір емес, 4-5 рет белдестік. Бәрінде де жеңіліп көрген емеспін. – Ержан жүлдеңіз құтты болсын! – Рахмет! – Өткен жылы осы «Қазақстан Барысында» төртінші орынға табан тіредіңіз. Ал биыл финалға дейін жетіп, 2013 жылғы «Қазақстан Барысының» күміс белбеуін жеңіп алдыңыз. Өзіңізге разы боларсыз? – Бірден айтайын, бұл жеңісті маған халықым алып берді. Халық ұлардай шулап, төрешілердің шешіміне қарсы болмағанда екінші орын тұрмақ, үшінші орынға да шыға алмасым анық еді. Биыл төрешілер өрескел қателікке жол берді. Оны менғана емес, бүткіл халық көрді. Ал сұрағыңызға қайта оралсам, әрине, күміс жүлдегер болғаныма разымын. Тө…

0
0
560

Елордалық спортшы қыз IV Азия ойындарының жүлдегері атанды

Астана қаласындағы жоғары спорт шеберлігі мектебінің тәрбиеленушісі Екатерина Руденко Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында жабық орынжайда өтіп жатқан әскери өнер түрлері жарысында IV Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасынан мәлім өтті. Финалдық 50 метрге шалқалап жүзуден Е.Руденко әріптесінен 30 секундқа кейін қалып, үшінші орынға табан тіреді. Біздің спортшы қыздың Қытай мен Гонконгтың өкілдері алдын орап кетті. Судағы 25 метрлік қысқа жүзу жарысында біздің команданың намысын 13 спортшы қорғайды. Олардың ішінде Астана қаласының екі спортшысы — Катя Руденко мен Дмитрий Гордиенко бар. «Кеше, Гордиенко 100 м. инд./комб фиалдық жүзуде төртінші келді. Сондай-ақ, бүгін жүзгіштер алғашқы алтын медальді иеленді. Эл…

0
0
553