Шалқар Жоламанов: «Шығыстың балуандары шынайы батырлық көрсетті»
Осыдан екі ай бұрын бәсірелі бәсеке өтіп, сонда Айбек Бейбітті жеңген. Қазақстан біріншілігінде де Нұғымаров үздік танылды. Қажымұқан атамыздың турниріне моңғолдар, өзбектер келіп, өзге қазақ бауырларымыз кілемнен шығып қалып жатқанда, жалғыз Айбек қазақтың намысын қорғап қалған.
«Қазақстан Барысы-2012» турнирінің күміс жүлдегері Шалқар Жоламановпен сұхбат:
– Шалқар, биыл «Қазақстан Барысында» балуан ретінде бақсынамай, тікелей эфирде осы доданың комментаторы ретіндеқатыстыңыз. Осы жолы Айбек жеңіске жетеді деп ойлап па едіңіз?
– «Қазақстан Барысын» тікелей эфирде жүргізе отырып тамашаладым. Эфирдіңбасында-ақ «Айбек жеңеді» деп айтқан болатынмын. Аллаға шүкір, артықайтпаппын. Халықаралық және елішілік турнирлерде жеңіп жүріп, мынадайүлкен додамызда жеңіліске ұшыраса, онда Айбек таяқтың астында қалушы еді (күліп).
– Айбектің жеңетінін халық та алдын-ала сезгендей. Себебі Айбекке жанкүйерлік танытқан көрерменде есеп болмады…
– Осыдан екі ай бұрын елімізде бәсірелі бәсеке өткен. Сол турнирде Айбек Бейбітті жеңген болатын. Қазақстан біріншілігінде де Нұғымаров үздік танылды. Шымкентте өткен Қажымұқан атамыздың турниріне моңғолдар, өзбектер келіп,өзге қазақ бауырларымыз кілемнен шығып қалып жатқанда, жалғыз Айбекқазақтың намысын қорғап қалған.
Ол жартылай финалда моңғол балуанынан басым түссе, ақтық сында өзбек жігітінің жауырынын жер иіскеткен. Міне, осындай турнирлерде жеңімпаз болған Айбек «Қазақстан Барысында» әлсіздік танытса, расында ұят болатын еді.
Аллаға шүкір, Айбек еліміздің бас додасында да жанкүйерлердің сенімін ақтады.Сол үшін де қуанамыз, мақтанамыз.
– Біреулер сізді биылғы «Қазақстан Барысында» Мұхитқа жолынберді десе, енді бірі жеңіліп қалған деп жатыр. Шын мәнінде қалай болды?
– Мұхит екеуміз белдескен емеспіз. Шыны керек, Мұхит інілігін жасап, екі жылқатарынан маған жолын берді. Осы жолы мен ағалығымды танытайын деп шештім. Себебі, Мұхит расында да өте дарынды жігіт.
– Ал Мұхиттың өнеріне қандай баға бересіз?
– Мұхит оңай шағылар жаңғақ емес. Тікелей эфирде «Шығыстың батырлары батырлығын көрсетеді» деп айттым. Сол сөзім айдай келді. Өздеріңіз көргендей, төрешілер Мұхитқа белдесудің аяқталуына 10 секунд қалғанда ескерту берді. Ол тек сол ескертудің кесірінен ғана ұтылды.
Бірақ дәл осы жайтқа қатысты ешбір жанкүйер дау көтерген жоқ. Байсалдылықтанытты. Мұхиттың өзі де ләм-мим демей, Бейбітті құттықтап, залдан шығып кетті. Үлкенді сыйлау деген осы шығар.
Негізі, Мұхит бір жыл дамылсыз дайындалған. Бір қарағанда, сол даярлықтыңбарлығын төрешілер айналдырған 10 секундта жоққа шығарып отыр. Соғанқарамастан, Мұхит эмоциясын ішіне жасырып, мәрттік танытқанда, өз басым дән риза болдым.
– Бейбіт пен Ержан арасындағы белдесудің арты үлкен дауға ұласты. Балуан ретінде айтыңызшы, шын мәнінде кімдікі дұрыс?
– Бүк ұпайды Шынкеев алдым деп тұр ғой. Негізі күрестің төрт қыры бар. Біз жақтағы қырынан Бейбіт қолын тіреп барып құлағандай көрінсе, төрешілер Ержанның жеңіске жеткендігін дәлелдеп отыр. Қалай болғанда да төрелік етіп отырған қазылар қазақ күресінің тізгінін ұстап, майын ішкен мамандар ғой.
– Бірақ, төрешілер бастапқыда Бейбіттің қолын көтерді емес пе?
– Оныңыз рас. Алғашында түсініксіз жайт орын алды. Адам қателеседі ғой. Екеуінің күресін бейнеқайталау арқылы бірнеше рет қарап шыққан соң,қазылардың екеуі дауысын Бейбітке берсе, қалған төртеуі Ержанды жеңімпаз деп таныды.
– «Қазақстан Барысында» әр облысқа екі жолдамадан беріледі. Дегенмен шығысқазақстандық балуандардың әлеуетін ескеріп, жолдама санын көбейту керек деп ойламайсыз ба?
– Ақтық сынның алдында Айбекке: «айналайын, бірінші орын ал, келесі жылы Шығыстың атынан үш адам күресейік» дедім. «Барыстың» ережесіне сай, әр облыстан екі балуаннан қатысады, жеңімпаз аймақ қана үш балуанын үкілепқосады.
Балуандардың әлеуетін, шамасын көре келе, осы мәселенің төңірегінде біраз шу шығарғандар болды. Талай жиындарда да айтылып жатыр. Дегенмен бұл сұрақәлі де шешімін таба алмай келеді. Бұйырса, келесі жылы Шығыстың намысынүшеуміз қорғайтын боламыз. Жеңіс күтіңіздер!
– Әңгімеңізге рахмет!

