ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Елордалық спортшы қыз IV Азия ойындарының жүлдегері атанды

 

Астана қаласындағы жоғары спорт шеберлігі мектебінің тәрбиеленушісі Екатерина Руденко Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында жабық орынжайда өтіп жатқан әскери өнер түрлері жарысында IV Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасынан мәлім өтті.

Финалдық 50 метрге шалқалап жүзуден Е.Руденко әріптесінен 30 секундқа кейін қалып, үшінші орынға табан тіреді. Біздің спортшы қыздың Қытай мен Гонконгтың өкілдері алдын орап кетті.

Судағы 25 метрлік қысқа жүзу жарысында біздің команданың намысын 13 спортшы қорғайды. Олардың ішінде Астана қаласының екі спортшысы — Катя Руденко мен Дмитрий Гордиенко бар. «Кеше, Гордиенко 100 м. инд./комб фиалдық жүзуде төртінші келді.

Сондай-ақ, бүгін жүзгіштер алғашқы алтын медальді иеленді. Эльмира Айғалиева 100 м баттерфляйде 58,40 сек. уақытты көрсетіп, бірінші келді. Эльмира, сондай-ақ, 50 метрлік фристайлмен жүзуде де қола жүлде алған болатын. Сонымен қатар Роман Трусов та — 50 және 100 метр брасста қола алды. Александра Тарабрина — 50 м фристайл, Евгения Азариева — 50 м фристайл және комбинирлік эстафетада командалық есепте 4*50 алтын ерлердің қанжығасына байланды. Алда жүзуден әлі екі жарыс бар»,- деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Жабық орынжайдағы Азия спорт түрлері мен әскери жекпе-жек түрлері бағдарламасында көбіне олимпиадалық ойындарға жатпайтын 11 спорт жарысы енген. Олардың жетеуінде қазақстандықтар медаль алу мүмкіндіктерін қолдан бермеуге тырысуда. Бүгінгі күні Қазақстан құрамасы жалпы есепте үшінші орынға сенімді табан тіреп тұр. Олардың қоржынында 2 алтын, 8 қола медаль бар. Жүзгіштерден бөлек, біздің Е-спорт өкілдері де — «Need For Speed»-те -Александр Кравченко алтын, «Special Force»-де командалық қола алды.

Жарыс 6 шілдеде аяқталады.