Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Астана Арландарының» қарсыластары белгілі болды

 

Швейцариялық Лозанна қаласында Дүниежүзілік бокс сериясының төртінші маусымының жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстандық команда «Azerbaijan Baku Fires», «Cuba Domadores», «Hussars Poland», «Mexico Guerreros» және «Russia» командаларымен бірге В тобына түсті. Ал А тобына «Algeria Desert Hawks», «Argentina Condors», «German Eagles», «Dolce & Gabbana Italia Thunder», «Ukraine Otamans» және «USA Knockouts» командалары кірді.

Маусымдағы бірінші кездесу Қазақстанда өтеді. «Астана Арландары» «Azerbaijan Baku Fires» боксшыларымен жұдырықтасады.

Ережедегі негізгі өзгеріс – жарыс он салмақ дәрежесі бойынша өтеді: 49 кг, 52 кг, 56 кг, 60 кг, 64 кг, 69 кг, 75 кг, 81 кг, 91 кг, 91 кг жоғары. Еске сала кетсек, алдыңғы маусымда жарыс бес салмақ дәрежесі бойынша өткен.


 
0
0
315

Осы тақырып бойынша

«Астана Арландарының» қарсыластары белгілі болды - Yvision.kz